Новости

03 июня 2021
Елордалық энергетиктер үшін 2021-2022 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге уақытылы және сапалы дайындық бірінші кезектегі міндет болып қала бермек.
01 июня 2021
Құрметті ата-аналар! Көптен күткен балалардың каникулы да келіп жетті. Оқушылардың каникулы - бұл тек балалардың демалысы ғана емес, сондай-ақ бала көп уақытын жалғыз өткізеді, ол немен шұғылдануда, бәрі дұрыс па екен деген сияқты үлкендердің мазасыздануына себеп болатын уақыт. Бүгін балаларды электр тоқ соғу қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етуге болады және ата-аналар ненің қамын ойлауы тиіс екендігі туралы айтамыз.
29 мая 2021
Ажыратылу себебі: «Ұлттық биотехнология орталығы» РМК теңгеріміндегі ҮП-200 және ҮП-99 жағына қарай 10кВ кабель желілерінің зақымдануы.
14 мая 2021
Диспетчерлік және технологиялық басқару құралдары қызметінің  10 жылдық мерейтойы құтты болсын!
14 мая 2021
Бүгінде көп нәрсе электр қуатына байланысты. Қазақстанның астанасын электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін километрлеген электр желілері, мыңдаған шағын станциялар, бағдарламалық қамтамасыз ету, арнайы оқытылған адамдар қажет. Біз жабдықтың жұмысын және бүкіл қала бойынша электр қуатын таратуды үнемі қадағалаймыз, ақпарат жинап, талдаймыз.  
11 мая 2021
            2021 жылғы 7 мамырда сағат 14:30-да ҮП-53 нөмірі 15-ші және  ҮП-69 нөмірі 15-ші 10 кВ ұяшықтарының   авариялық ажыратылуы орын алды. Ажыратылу себебі қоршау салу үшін ұңғымаларды бұрғылап, жер жұмыстарын жүргізу кезінде кабель  желілерінің зақымдануы болды. Кабель  желілері жеке тұлға Л.А.Смағұловаға тиесілі. Жұмыстарды жүргізуші – жеке тұлға А.А.Баймаханов.
06 мая 2021
Кәсіподақ пен басшылық Ауған соғысының арадагерлері мен Чернобыль апатына қатысушыларды мерекемен құттықтады! 
05 мая 2021
ЖКБ аға жедел уәкілдері Қосжанов Ерлан Амангелдіұлы және Жолдангаров Ержан Бексұлтанұлы бір тәулік ішінде өзінің қызметтік борышын сауатты және кәсіби орындай отырып, Пригородное кентінде компанияның мүлкін ұрлау фактісін ашты.
05 мая 2021
«Djenco Engineering» ЖШС жер жұмыстарын жүргізу кезінде ТШС-2155 жағына ҮП-153 10 кВ кабель желісін зақымдады. Кабель желісі «Нұр-Сұлтан қаласының құрылыс басқармасы» ММ теңгерімінде.  
30 апреля 2021
            «Оңай емес және қауіпті!» деген еді бір сұхбатында  44 жылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі энергетик Анвар Ибрагимович өзінің электрмонтерлер бригадасының жұмысы туралы.              Торлы құрылымның алып тіреулер қатары, электр тоғы өтетін, жел күні гуілдейтін, тартылған сымдар баршаға таныс сурет. Олардың жай көрінісі  қарапайым адамның бойына үрей мен қорқыныш ұялатады. Оларға тек арнайы киім мен каскадағы адамдар ғана қорықпай көтеріліп, биіктікте жұмыс істей алады.  Бұл мамандар біздің үйімізде электр жарығының болуы үшін күндіз-түні еңбек етеді. «Сайып келгенде, тұтынушы энергетиктердің қандай үлкен еңбек сіңіретіндігін білмейді, ол үшін үйінде әрдайым электр шамының жанып тұрғаны маңызды. Біздің жүйеде оңай жұмыс жоқ!»,- деп энергетик мамандығы туралы өз пікірімен бөлісті Анвар Ибрагимович.
28 апреля 2021
            Бірінші рет зақымдалу сағат 15:17-де орын алды, ол «Үркер Сити» ТК-ні электрмен жабдықтауды шектеуге әкелді. Жедел-көшпелі бригада және Есіл АЭЖ бригадасы сағат 16:28-де екінші қуат көзіне ауыстырды. Бірақ сағат 18:07-де дәл осы компания басқа жерде кабель желісіне зақым келтірді, ол Үркер тұрғын алабы мен «Үркер Сити» ТК тұтынушыларының бір бөлігін электр энергиясынан ажыратуға әкелді. Сағат 18:30-да кабель желілерінің зақымдалған учаскелерін жөндеуге шығару үшін ауыстыру жүргізілді. «Үркер Сити» ТК жалпы үй қажеттіліктері үшін дизель-генераторлық қондырғы арқылы қуат көзіне қосылды.
28 апреля 2021
«Астана-АЭК» АҚ-да ұжымдық вакцинациялау жалғасуда. 60-энергетик COVID-19 короновирусына қарсы екпе алды.