«Астана – Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ
«Астана-Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ тарихы 40 жылдан асады және 1980 жылдан бастау алады. Дәл сол кезде Ақмола қалалық электр желісінің негізінде «Целинэнерго» өндірістік энергетикалық бірлестігінің 1980 жылғы 06 тамыздағы №244 бұйрығына сәйкес «Қалалық электр желілері» кәсіпорны құрылды. 2010 жылы кәсіпорын өңірлік деңгейдегі электр желілеріне қызмет көрсететін компания мәртебесіне ие болды, осыған байланысты атауы «Астана-Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ болып өзгертілді.
Компанияның негізгі міндеті электр энергиясын беру және тарату, сондай-ақ астананың тұтынушыларын сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге бағытталған кешенді іс-шараларды әзірлеу және іске асыру болып табылады.
«Астана-АЭК» АҚ қызмет көрсету көлемі 96 313,63 шартты бірлікті құрайды және: кернеуі 220 кВ - 143,436км, 110 кВ - 207,908 км, кернеуі 10 кВ - 356,339км, кернеуі 0,4 кВ - 502,558 км электр берудің әуе желісін, сондай-ақ кернеуі 220 кВ - 12,3 км, кернеуі 110 кВ -147,062 км, кернеуі 20 кВ- 540,911 км, кернеуі 10 кВ- 2 346,915 км, кернеуі 6 кВ- 20,076 км, кернеуі 0,4 кВ- 1 181,436 км электр берудің кабель желісін қамтиды. Компанияның теңгерімінде және қызмет көрсетуінде барлығы 1560-шағын станциясы, оның ішінде 220 кВт-3 шағын станция, кернеуі 110 кВ 29-шағын станция, кернеуі 20/10/0,4 кВ 1528 - үлестіру және трансформаторлық шағын станциялар бар.
Компанияның заманауи диспетчерлік-технологиялық басқару құралдары, арнайы машиналар мен механизмдердің қомақты паркі, жылжымалы дизельді электр станциялары бар. Өндірістік қызметтердің иелігінде заманауи стационарлық және мобильді зертханалар, оның ішінде кернеуі 110кВ дейін кабель желілерінде зақымдану сипатын және орнын қысқа мерзімде анықтауға мүмкіндік беретін «Компакт-CITY» екі жылжымалы жоғары вольтті зертханасы бар. Сондай-ақ компанияның алдына қойылған міндеттерді жедел шешуге мүмкіндік беретін барлық өндірістік бөлімшелер, зертханалар, техниканы және арнайы механизмдерді орналастыруға мүмкіндік беретін меншікті базасы бар.
Электр жүктемесінің жыл сайынғы өсімі құрылыстың өсуіне және де қала тұрғындарының өмір сапасының артуына байланысты. Осыған байланысты компанияның негізгі міндеті қаланың энергожүйесінің сенімді және тиімді жұмысын ұйымдастыру болып табылады. Осылайша компания мамандарының белсенді қатысуымен 110 кВ ЭЖЖ және 110 кВ «Көктем-2», «Киров-2», «Шұбар», «Тұран», «Бәйтерек», «Аэропорт-2», «Олимп» шағын станциялары; «Шығыс», «Достық», «Батыс» шағын станциялармен 220кВ қала орамы пайдалануға берілді. Барлық объектілер жетекші дүниежүзілік өндірушілердің заманауи электр жабдықтарымен жабдықталған. Тағы бір аспекті – өндірістік бөлімшелердің ұйымдық құрылымы бүгінгі күннің талабына үйлесімді сәйкес келеді.
Энергетикалық салада күзгі-қысқы кезеңнің аяқталуы күрделі жөндеу жоспарын, шағын станция жабдықтары және электр беру желілеріне техникалық қызмет көрсету кестесін орындау бойынша іс-шараларды іске асыруға, сондай-ақ мақсаты электр желілерде технологиялық бұзушылық ықтималдығын азайту, оларды оқшаулау және зақымдануларды жедел жою болып табылатын басқа жұмыс түрлеріне себепші болады.
«Астана-АЭК» АҚ жұмысының жекелеген бағыты – үлестіру пункттерін (ҮП), трансформаторлық шағын станцияларды (ТШС) және 10/0, 4 кВ желілерді жаңғыртуға бағытталған жеке инвестициялық бағдарлама.Тәжірибе көрсеткендей бағдарламаны іске асыру әлдеқашан электр желілерде 10% дерлік апаттылықты азайтуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ қаланың электр энергетикасын дамытудың перспективалы бағыты белсенді-бейімделген желі немесе «ақылды желі» деп аталатын Smart grid тұжырымдамасы негізінде электр желілерін басқару жүйесін жетілдіру болып табылады. Екінші бағыт төменгі деңгейде, яғни тұтынушының электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін (ЭКЕАЖ) енгізу болып табылады.
Астананың дамуымен оның энергетикалық кәсіпорындары да даму үстінде. «Астана-АЭК» АҚ бүгінде – ол тек қана заманауи жабдықтар және жаңа технологиялар емес. Ол бірінші кезекте кәсіпорынның ұйымшыл ұжымын құрайтын 1030-маман, оның ішінде 52% астамы жоғары, 24% орташа арнайы білімі бар. Кадр саясатының негізгі бағыттарының бірі әрбір жұмыскердің кәсіби өсуін ынталандыру және біліктілігін арттыру болып табылады.
Дәстүрлі пайдалану тәсілдерін қолдану, көп жылғы тәжірибе, озық ақпараттық технологияны енгізу – «Астана-Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ коммерциялық және технологиялық шығынды азайту кезінде электр энергиясын тасымалдауда қалыпты процессті қамтамасыз ету, ал бастысы астананың тұтынушыларын сенімді және сапалы электрмен жабдықтау бойынша негізгі белгісі.