Негізгі функциясы тұтынушыларды электр желілерге қосуға техникалық шарттарды әзірлеу және беру, сондай-ақ теңгерімдік тиесілігі мен пайдалану жауапкершілігін бөлу актілерін ресімдеу болып табылатын қызмет «Қалалық электр желілері» кәсіпорны құрылған алғашқы күннен бастап, яғни 1980 жылдан бері жұмыс істейді. 2010 жылға дейін қызмет жұмыскерлері: жабдықтар мен желілерді күрделі жөндеу және техникалық қызмет көрсету жоспарларын қалыптастыру және орындалуын бақылау; кәсіпорынның жылдық есебін әзірлеу және қорғау; объектілер мен желілерді теңгерімге қабылдау; жер қазу жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру; салынған (қайта құрылған) желілер мен объектілерді пайдалануға қабылдау; жобаларды келісу; жер учаскелерін бөлуді келісу; инженерлік коммуникациялар трассасының схемасын келісу; өндірістік бұйрықтар мен өкімдерді дайындау; шартты және физикалық бірлікте қызмет көрсету көлемін есептеу және т.б. орындады.
Токарев Владимир Алексеевич 19 жыл бойы өндірістік-техникалық қызмет жұмысын басқарды (1988-2007ж.). В. А. Токаревтің басшылығы кезеңінде энергетикада сияқты, елде де күрделі қайта құру және түбегейлі өзгерістер орын алды. Қиындықтарға қарамастан, В.Токаревтің ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында кәсіпқойлар ұжымын сақтап, жас перспективалы қызметкерлерді тартуға мүмкіндік туды. Қалаға астана мәртебесі беріліп, үкіметтік құрылымдар, ведомстволар мен министрліктердің қоныс аударуына байланысты объектілердің қарқынды құрылысы басталды, бұл Қалалық электр желілерінің барлық өндірістік және қосалқы қызметтерінің жұмыс қағидаттарының өзгеруіне әкелді. Владимир Алексеевичтің тікелей қатысуымен кәсіпорынның ұйымдық құрылымы уақыт талаптарын ескере отырып жетілдірілді, нәтижесінде бірқатар қызметтер мен бөлімшелер құрылды: Есіл АЭЖ, ОДҚ, Электр энергиясын тұтынуды бақылау қызметі (ЭЭТБҚ), тарату желілері қызметі: ҮШС, ТШС қызметі және Электр жеткізу желілері қызметі болып қайта құрылды, қауіпсіздік техникасы бөлімі құрылды және т.б. Өндірістік-техникалық қызметтен құрылған құрылымдық бөлімшелер - аға буынның жұмыс тәжірибесі мен жас қызметкерлердің бастамашылығын ұтымды үйлестіретін, тату ұйымшыл ұжыммен ерекшеленеді.
Жұмыскерлердің көпшілігі қызметте көп жылдар бойы еңбек етіп, ардагерлермен байланысты сақтауға ұмтылудың арқасында барлық жас мамандар қызметтің бастауында тұрған қызметкерлердің есімдерін жақсы біледі. Кәсіпорын қызметкерлері Владимир Алексеевич Токарев туралы ерекше жылулықпен және шынайы құрметпен әңгімелейді және оған мықты денсаулық, ұзақ өмір, бақыт пен шаттық тілейді!
Құрметті Владимир Алексеевич!
«Астана-Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ басшылығы мен үлкен еңбек ұжымы Сізді 80 жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтайды!
Энергетика ел тәуелсіздігінің, дамуы мен өркендеуінің стратегиялық негізі болып саналады. Энергетика саласы мықты, сауатты және кәсіби мамандарды – өз ісінің және өз елінің патриоттарын тәрбиелейді. Сіз еңбек жолыңызды 1981 жылдың қазан айынан бастап Целиноград электр желілерінде тарату желілерінің инженері лауазымынан бастап, тәуелсіз Қазақстанның астанасын электрмен жабдықтау жүйесінің қалыптасуының бастауында тұрдыңыз. Туған кәсіпорныңызда ширек ғасырдан астам уақыт еңбек етіп, оның ішінде 19 жыл бойы өндірістік-техникалық қызметті басқардыңыз.
Білікті инженерлердің тәлімгері болдыңыз, олардың көпшілігі қазіргі уақытта компания бөлімшелерін басқарады. Сіздің тікелей қатысуыңызбен көптеген электр беру желілері мен ондаған трансформаторлық шағын станциялар жобаланды. Сіздің жеке және кәсіби қасиеттеріңіздің арқасында елордалық деңгейдегі заманауи энергия беруші ұйымның тиімді ұйымдастырушылық құрылымының іргетасы қаланды.
Сізді айтулы күні 80 жылдық мерейтойыңызбен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасына амандық тілеп, айналаңыз қуаныш пен шаттыққа, бақыт пен табысқа, мейірім мен қамқорлыққа толсын демекпіз! Әр сәт сізге тек бақыт пен қуаныш сыйласын дей отырып, электр энергетикасындағы қажырлы еңбегіңіз бен бәрімізге үлгі болып табылатын жұмыстағы әділдігіңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз!
«Астана-АЭК» АҚ ұжымы
09.07.21ж.