«Астана-АЭК» АҚ құрылыс-монтаждық ұйымдардың назарын аударады: жазатайым оқиғаларды болдырмау және инженерлік желілердің барлық түрлерін сақтау мақсатында, барлық жұмыс түрлерін оларды бастамас бұрын Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық қызметтерімен келісу қ

19 августа 2021

18.08.2021ж.  «Астана-АЭК» АҚ  электр беру желілерінің зақымдалуы туралы ақпарат

Сағат 18:05-те ТШС-3216 жағына ҮП-102 нөмірі 22-ші 10кВ ұяшықтың ағытылуы орын алды.  Ағытылу себебі: құрылыс компаниясы «Билд Комфорт» ЖШС жер қазу жұмыстарын жүргізген кезде 10кВ кабель желісін зақымдаған.  

Сағат 19:37-да  қосылды. 

Жұмыстар «Астана-АЭК» АҚ-ның жер қазу жұмыстарын жүргізуге рұқсатынсыз және келісімінсіз жүргізілген. «BUILD CONFORT» ЖШС күшімен 10 кВ кабель желісі қалпына келтірілді. 

 

19.08.2021ж.  «Астана-АЭК» АҚ  электр беру желілерінің зақымдалуы туралы ақпарат

Сағат 05:07-де ТШС-ГВК («Астана Су Арнасы» МКК) жағына ҮП-9 нөмірі 4-ші 10 кВ ұяшығының ағытылуы орын алды. 

Ағытылу себебі: жүк камазы ГВК тарамында №38 тіреуді қағып кеткен. 

Тарамды қалпына келтіргеннен кейін сағат 06:58-де қосылды. 

 

«Астана-АЭК» АҚ құрылыс-монтаждық ұйымдардың назарын аударады: жазатайым оқиғаларды болдырмау және инженерлік желілердің барлық түрлерін сақтау мақсатында, барлық жұмыс түрлерін оларды бастамас бұрын Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық қызметтерімен келісу қажет!

Жер жұмыстарын жүргізуді келісу жөнінде «Астана-АЭК» АҚ өкілдерін шақыруға арналған телефондар:

  • Алматы, Байқоңыр, Сарыарқа аудандары 620-395, 620-386, 79-39-85;
  • Есіл ауданы  500-526;
  • iKomek бірыңғай байланыс орталығы арқылы 109 телефоны бойынша.