Новости

02 сентября 2021
Мұндай күрестің негізгі әдістерінің бірі электр энергиясы құрылғыларын жоспарлы және жоспардан тыс тексеру болып табылады.
01 сентября 2021
              «Астана-АЭК» АҚ кәсіподақ ұйымы үшін бірінші сыныпқа баратын кәсіподақ мүшелерінің балаларын білім күнімен құттықтау игі дәстүрге айналды. Биыл  15-бірінші сынып оқушысы мектепке арналған сыйлықтар алды. Кәсіподақ оларға мектепке керек-жарақтарды сыйға тартты.
26 августа 2021
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті» (бұдан әрі – Департамент) кабельдік желі - 10 кВ 150-тарату пункт                    9-ұяшық 990-ТҚС желісінің зақымдалғаны туралы «Нұр-Сұлтан қаласының Отын-Энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ келіп түскен материалдар бойынша әкімшілік іс қозғады. Әкімшілік істі қарау барысында «Луч-Энерго» ЖШС 2021 жылдың 16 маусымында науаларды ашу арқылы жер қазу жұмыстары кезінде Майқайың мен Дауылпаз көшелері қиылысындағы кабельдік желісін зақымдады, бұл 2015 жылғы 30 наурыздағы №246 тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидасының 243, 245 тармақтарын бұзу болып табылады.
20 августа 2021
2021 жылғы 16 тамызда Ғабдуллин көшесіндегі объектінің коммерциялық есепке алу жағдайын тексеру барысында «Астана-АЭК» АҚ ЭЭТБҚ мамандары Электр энергиясын пайдалану қағидалары мен Электр қондырғыларын орнату қағидаларының келесі бұзушылықтарын анықтады.
20 августа 2021
Халық қалаулылары елордалық энергия беруші кәсіпорынның 2020 жылғы және 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметінің есебімен танысты. 
19 августа 2021
                  Тұтынушының қасақана жіберген бұзушылықтары үшін «Астана-АЭК» АҚ ЭЭПҚ 66-тармағына сәйкес электр энергиясына есептеулер жүргізетінін, сондай-ақ бұзушылықтар бірнеше рет анықталған кезде электр энергиясын беруді тоқтататынын хабарлаймыз.
19 августа 2021
5 000 км – Нұр-Сұлтан қаласы электр желілерінің жалпы ұзындығы осындай, олардың төрттен бір бөлігі ғана көзге көрінеді… Қалған 3 800 км жер асты кабель желілері. Барлық осы коммуникациялар бойынша елорданың тұрғын аудандары мен кәсіпорындарына аты баршаға мәлім электржелілік компаниясы «жарық» әкеледі.
19 августа 2021
Жер жұмыстарын жүргізуді келісу жөнінде «Астана-АЭК» АҚ өкілдерін шақыруға арналған телефондар: - Алматы, Байқоңыр, Сарыарқа аудандары 620-395, 620-386, 79-39-85; - Есіл ауданы  500-526; - iKomek бірыңғай байланыс орталығы арқылы 109 телефоны бойынша.
18 августа 2021
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті» ММ-не (бұдан әрі – Департамент) кабельдік желі - 10 кВ тарату пункт-50 ұяшық 16-ТП-1033 желісінің зақымдалғаны туралы «Нұр-Сұлтан қаласының Отын-Энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ келіп түскен материалдар бойынша әкімшілік іс қозғады. Әкімшілік істі қарау барысында «New level» ЖШС 2021 жылдың 4 маусымында велосипед жолын салуға арналған жер қазу жұмыстары кезінде №10 үй Самал көшесінде кабельдік желісін зақымдады, бұл 2015 жылғы 30 наурыздағы №246 тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидасының 243, 245 тармақтарын бұзу болып табылады.
13 августа 2021
Үлестіру пункттерін, трансформаторлық шағын станцияларды және 10/0,4 кВ әуе желілерін күрделі жөндеу 67,7%-ға орындалса, жабдықтар мен 220/110/10/0,4 кВ желілерге техникалық қызмет көрсету 57,5%-ға орындалды. 
06 августа 2021
Аудандық электр желілердің (АЭЖ) қызметі электр желілерін, атап айтқанда 10/0,4 кВ әуе желілерін, 10/0,4 кВ трансформаторлық және үлестіру пункттерін, сондай-ақ тіреу шкафтарын пайдалану болып табылады.
06 августа 2021
          Өткен жылы «Нұр шашқан тарих» атты кітап жарық көрді. Бүгін «Астана-Аймақтық Электржелілік Компаниясы»АҚ-ның 40 жылдығына орай жазылған кәсіпорын тарихымен танысуды ұсынамыз.