Новости

31 января 2021
Сығанақ, Түркістан, Алматы көшелеріндегі 6-тұрғын үй кешені шектеуде болды.      Жедел бригадалар бір сағаттың ішінде тұрғын үй кешендерінің жалпы үй қажеттіліктері үшін бес дизель-генератор қондырғысын орнатты (жылыту, сумен жабдықтау және лифтілердің жұмысы үшін).   Саны 19 адамнан тұратын Есіл АЭЖ жедел-жөндеу бригадалары, Кабель желілері қызметі, Сынаулар және диагностика қызметінің күшімен электр берудің кабельдік желісі қалпына келтірілді.   2021 жылғы 31 қаңтарда  2 сағат 17 минутта 6-көп пәтерлі тұрғын үй кешенінде  электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілді. 
27 января 2021
«Астана-АЭК» елордалық компаниясының өкілдері Елбасы кітапханасының музейімен танысты. Энергетика саласының мамандары Қазақстанның тың тарихын шолып, егемен мемлекеттің құрылу кезеңдерінен сыр шертетін бірегей жәдігерлерді тамашалады.
31 декабря 2020
«Астана-АЭК» АҚ-ның аудандық электр желілерінің  персоналы сенімді электрмен жабдықтау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының барлық сайлау учаскелерінің электр желілеріне тексеру жүргізді.  
31 декабря 2020
Жаңа жыл ырыс пен ынтымақтың, береке мен байлықтың, бейбітшілік пен бақыттың жылы болғай!
22 декабря 2020
Елорда инфрақұрылымының дамуы, жаңа объектілердің салынуы және   электр қуатын тұтыну көлемінің артуына байланысты қала басшылығы Астана энергетикалық торабының 110кВ электр желілерін басқару үшін «Астана-АЭК» АҚ-да Орталық диспетчерлік қызмет құру туралы шешім қабылдады. Осылайша, 2010 жылдың қазан айында ОДҚ бірінші бастығы Бектасов Сағынбай Қалиақпарұлы бастаған қызмет штаты жасақталды. Еңбек сіңірген энергетик және еңбек әулетінің басшысы, үлкен еңбек өтілі мен тәжірибесі бар Сағынбай Қалиақпарұлы кейіннен бас инженер, бүкіл кәсіпорынның Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі бірінші орынбасары лауазымдарында қызметтің нәтижелі және тұрақты жұмысын қамтамасыз етті.    
20 декабря 2020
Елорда әкімі Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының энергетиктерімен кездесіп, олардың жалақысын әлде де көтеруді тапсырды. Олар «Астана-АЭК» АҚ, «Астана-Энергия» АҚ, «Астана Теплотранзит» АҚ жұмысшылары, оның ішінде «Астана Су Арнасы» МКК мамандары. Қосымша сыйақы да берілетін болады.
20 декабря 2020
Бүгінгі мереке өмірін энергетика саласымен байланыстырған адамдарды құрметтеуге ғана арналмайды, сонымен қатар бұл – энергетиктер буыны атқарған жұмыстарды жоғары бағалау. Бұл еліміздің энергетикалық кешенін құруға және қызмет көрсетуге өз өмірін арнаған, «жарық» пен «жылу» түсінігі жай ғана сөздер емес, олардың ғұмырының айтулы дәуіріне айналған барша білікті мамандар мерекесі.     Биылғы жыл біз үшін ерекше болмақ,  6 тамызда біздің компанияның құрылғанына 40 жыл толды! Осы 40 жыл ішінде елорданың қалалық электр желілері күрделі  және қиын жолдан өтті, ал оның артында мыңдаған адамның еңбегі жатыр. 
16 декабря 2020
Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы.
01 декабря 2020
Баршаңызға мерекелік көңіл-күй, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық  тілейміз! Тәуелсіз Қазақстан жасасын! Еліміз, Елбасымыз аман болсын!
11 ноября 2020
Мерекенің басты мақсаты – ресурстарды тиімді пайдалану және жаңартылатын энергия көздерін дамытуға билік пен қоғамның назарын аудару болып табылады  «Астана-АЭК» АҚ бірнеше жылдан бері Нұр-Сұлтан қаласында электр энергиясын тасымалдау және тарату жүйесінің энергия тиімділігін арттыру мақсатында энергетикалық саясатты іске асыруда. 
05 ноября 2020
Кабель желілері қызметінің тарихы 2005 жылдың 31 қазанынан басталады. Дәл осы күні 46 адамнан тұратын құрылым құру туралы бұйрыққа қол қойылды. Жаңа бөлім электр желілерін басқаруды ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру және тиімділігін арттыру, оларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету сапасын жақсартуға ықпал етуі керек болды. Содан бері қызмет 220/110/35/20/10/0,4 кВ кабель желілерін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарымен, техникалық қызмет көрсетумен және қайта жаңартумен айналысады. Бөлімше міндетіне пайдаланудағы кабель желілері трассаларын қадағалау мен бақылау және жаңасын салу кезінде техникалық қадағалау кіреді.
29 октября 2020
Жедел-көшпелі бригадалар себебін анықтау үшін дереу орынға шықты. Желіні оқшаулаудың бұзылуына байланысты тағы 10кВ үш қуат беретін желіні ағыту қажеттігі туындады. "Премиум" ТК, "Новый мир" ТК, "Нұрсая" ТК, Сарайшық, Қонаев көшелері бойынша "Парковый" ТК, сондай-ақ "Шұбар" тұрғын үй алабының жеке секторы тұтынушылары электрмен жабдықтауда шектеуге түсті.