Құқық қорғау органдарының өкілдері Ш.Айтматов көшесі бойынша автомобильдер қозғалысының қарқынды ағынын тоқтатқанша, электрмонтерлер АГК көмегімен үш күрделі сымды көшенің бір жағынан екінші жағына ауыстырды.
Бұл жұмыс 10 кВ әуе желісін күрделі жөндеу аясында жүзеге асырылуда. Енді электр сымдары жол деңгейінен едәуір жоғары орналасып, электр беру сапасы артады.
Елорданың энергия беруші компаниясы жөндеу жұмыстарын жоспарға сәйкес жүргізуде. Жұмыстардың жартысынан көбі үлестіру пункттері мен трансформаторлық шағын станцияларды, 10/0,4 кВ әуе желілерін күрделі жөндеу және шағын станцияларға, 220/110кВ әуе желілеріне, үлестіру пункттеріне, трансформаторлық шағын станцияларға, 10/0,4 кВ әуе желілеріне техникалық қызмет көрсету бойынша жасалды.
2021-2022 ж.ж. жылыту маусымына «Астана-АЭК» АҚ электр желілерінің жалпы дайындығы-38,1% құрайды.
Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!
«Астана-АЭК» АҚ электр энергиясын беруді тоқтатуға байланысты жұмыстардың орындалуын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік-мәдени тұрмыс объектілерімен, сондай-ақ көп пәтерлі тұрғын үйлердің басқарушы компанияларымен және өндірістік мақсаттағы объектілермен алдын ала келіседі.
Желілерде жоспарланған жұмыстар туралы ақпарат, оларды өткізу қарсаңында компанияның ресми сайтында www.astrec.kz, facebook әлеуметтік желісінде орналастырылады, сондай-ақ iKomek бірыңғай анықтама қызметіне (109) жіберіледі.
Сіздерден электр энергиясын ажыратуға байланысты белгілі бір қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Біздің жазғы жөндеу науқанымыздың мақсаты желідегі штаттан тыс жағдайлардың алдын алу және электр желілері максималды жүктемені бастан кешетін, қыстың төмен температурасы кезінде және басқа да қолайсыз ауа-райы жағдайларында электр қондырғыларының сенімді жұмысын қамтамасыз ету болып табылады.