2017 жылдан бастап Сарыарқа АЭЖ Сәтмұхамбетов Ислям Үмбетбайұлы басқарады. Алматы АЭЖ-ге 2018 жылдан бері Ибраев Дархан Амантайұлы басшылық етеді.
20 және одан да көп жыл еңбек еткен қызмет ардагерлері кәсіпорын шежіресінің алтын беттерін жазды.
Бұл энергетиктердің жас буынын тәрбиелеуге белсенді атсалысатын, білікті де шешім қабылдауда батыл мамандар: П.Н. Виниченко, С.Т. Искаков, Б.Т.Кадирбаев, В.Н.Парфенов, А.С.Байтанатов, Ж.Б.Мукашев. Тәжірибелі энергетиктердің еңбегі түрлі марапаттармен және атақтармен атап өтілді.
Ардагерлермен бірге АЭЖ ұжымында жас, болашағы зор қызметкерлер еңбек етуде. Олар өздерінің табандылығымен, мамандықтың қыр-сырын білуге деген құштарлығымен жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, өз ісінің нағыз шеберлері бола білді: А.Б.Тлеулесов (еңбек әулетінің өкілі болып табылады), А.С.Жақыпов, А.Т.Тлеубердинов, С.А.Мұқашев, А.У.Чиликбаев, А.Г. Аманжолов, А.А. Малғаждаров, И.Б. Жүсіпов, А.О. Әлім, К.К.Ильясов.
АЭЖ басты функциясы - жұмыста ешқандай іркіліс болмас үшін, сеніп тапсырылған шаруашылықты қаз қалпында күтіп ұстау. Ол үшін жыл сайын желілерді күрделі жөндеу, ал күн сайын жоспарлы-техникалық қызмет көрсету және авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Ауа райы жағдайы, тәулік уақыты және басқа да қиындықтарға қарамастан АЭЖ персоналы алдына қойылған мақсаттарға айқын қол жеткізуде, осылайша өзінің негізгі миссиясын орындауда. Ол аудандық желілердің сенімді және сапалы жұмысын қамтамасыз ету болмақ.
Алматы және Сарыарқа аудандарының электр желілерінің жұмысына жан-тәнімен берілген баршаңызды 10-жылдық мерейтоймен құттықтаймыз! Еңбекте табыс, отбасына амандық, береке-бірлік тілейміз!