«Астана-АЭК» АҚ-да 2021-2022 жж. жылыту маусымына желілерді дайындау қарқынды жүргізілуде.

23 июля 2021

2021 жылғы 22 шілдедеге қарасты күрделі жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстардың жартысына жуығы орындалды. Құрылыс бөлігін ағымдағы жөндеу жұмыстары бес тарату пунктінде орындалды.
Сарыарқа АЭЖ №4 учаскесінің шебері Медет Жаманқұлов №118 тарату пунктінің электр жабдықтарын күрделі жөндеу туралы айтып берді. Бес күн бойы құрамында шебер, жұмыс жүргізуші, үш электрмонтер және дәнекерлеуші бар бригада сақтандырғыштар, ажыратқыштар мен шамдарды, жылытқыштарды ауыстырды, бұрандамаларды тартып, майды толықтырып/құйып, оқшаулағышты тазартып, диспетчерлік атауларын жазып, шөп шапқан және ҮШС-ні күрделі жөндеу бойынша жұмыс тізімдемесіне  сәйкес т.б. орындаған.

Бригада жеке құрылыс бригадасының есіктерді, едендерді, жалюзилерді сырлап,  кіре беріс жерді тегістегеніне  өте қуанышты, өйткені бұрын кейде ол жұмысты өздеріне атқаруға тура келетін.  

«Астана-АЭК» АҚ-ның 2021-2022 жж. жылыту маусымына жалпы дайындығы – 33,7% құрайды.

 

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

«Астана-АЭК» АҚ электр энергиясын беруді тоқтатуға байланысты жұмыстардың орындалуын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік-мәдени тұрмыс объектілерімен, сондай-ақ көп пәтерлі тұрғын үйлердің басқарушы компанияларымен және өндірістік мақсаттағы объектілермен алдын ала келіседі.

 

Желілерде жоспарланған жұмыстар туралы ақпарат, оларды өткізу қарсаңында компанияның ресми сайтында www.astrec.kz, facebook әлеуметтік желісінде орналастырылады, сондай-ақ iKomek бірыңғай анықтама қызметіне (109) жіберіледі.  

Сіздерден электр энергиясын ажыратуға байланысты белгілі бір қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Біздің жазғы жөндеу науқанымыздың мақсаты желідегі штаттан тыс жағдайлардың алдын алу және электр желілері максималды жүктемені бастан кешетін, қыстың төмен температурасы кезінде және басқа да қолайсыз ауа-райы жағдайларында электр қондырғыларының сенімді жұмысын қамтамасыз ету болып табылады.