USAID "Орталық Азия энергетикасы" шақыруы бойынша "Астана-АЭК" АҚ-ның үш өкілі 14-17 тамызда Алматы қаласында ұйымдастырылған заманауи компанияларының жұмысы және жоспарлау жөніндегі Орталық Азия өңірлік семинарына қатысты.
Семинарға Орталық Азия елдерінің өңірлік электр желілік компанияларынан 50-ден астам қатысушы, сондай-ақ USAID-тің халықаралық сарапшылары мен өкілдері қатысты. Семинардың негізгі тақырыптары ретінде төрт сала ұсынылды:
1) ЭКЕАЖ енгізу.
Осы мәселе бойынша: литвалық «Sigma Telas» компаниясының президенті Пятрас Тарасявичюс «Эмкос» ӨК технологиялары мен мүмкіндіктері туралы, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ телекоммуникациялар басқармасының басшысы Наталья Лапшина және Алматы энергетика және байланыс университетінің проректоры Алмаз Саухимов ЭКЕАЖ енгізу тәжірибесі мен нәтижелері туралы сөз сөйледі. Семинар бағдарламасында мәлімделгендерден басқа, Өзбекстан өкілдері республика тұтынушыларын 100% қамти отырып, бірыңғай есеп айырысу орталығы бар ЭКЕАЖ жүйесін енгізу туралы тұсаукесер өткізіп, сөйледі.
2) Шығындарды азайту.
Бұл мәселе бойынша сөз сөйлегендер: USAID өкілдері - Шығындарды азайту жөніндегі тәжірибе жетекшісі Реваз Глигвашвили, Шығындарды азайту жөніндегі сарапшы Гела Кереселидзе, «Душанбе қаласының электр желілері» ААҚ бас инженері Парвиз Кутбудинов. Семинар бағдарламасында мәлімделгендерден басқа Қырғызстан өкілдері электр энергиясын ұрлаудың анықталған әдістері туралы бейнеролик көрсетіп, сөз сөйледі.
3) ЖЭК желіге біріктіру.
Бұл мәселе бойынша USAID өкілдері - Энергия жүйелерінің интеграциясын жоспарлау және талдау жөніндегі сарапшы Виктор Бедоя, Энергетика секторының талдаушысы Тристан Куисис, Энергетика секторының маманы Ержігіт Бапин сөз сөйледі.
4) Желілерді басқару кезінде талдау және жоспарлау.
Бұл мәселе бойынша халықаралық кеңесші Шахаб Куреши желілерді жоспарлау және басқару кезінде аналитикалық тәсілді практикалық қолдану туралы өте қызықты тұсаукесермен сөз сөйледі.
Семинардың бірінші күні «АЖК» АҚ 220 кВ «Ерменсай» ШС-ға шағын станция жабдықтарын көрсетіп, экскурсия өтті. Бұл семинарды тәжірибе алмасу және халықаралық байланыстарды орнату тұрғысынан өте пайдалы және танымды деп санаймыз. «Астана-АЭК» АҚ қазақстандық компаниялар арасында ғана емес, сонымен қатар Орталық Азия елдері арасында да ЭКЕАЖ енгізуде % бойынша, шығындар деңгейін төмендету және желілерді басқару бойынша алдыңғы қатарлылардың бірі болып табылатындығын қуана білдіреміз.