«Астана қаласының Энергетика басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Астана-АЭК» АҚ 100 пайыз қатысатын жалғыз акционері болып табылады.
«Астана қаласының Энергетика басқармасы» ММ Астана қаласы әкімдігінің (бұдан әрі – әкімдік) энергетика, сыртқы жарықтандыру, сумен жабдықтау және су бұрудың инженерлік коммуникациялық желілері, нөсер кәрізі, газ шаруашылығы, Астана қаласының аумағын көгалдандыру және абаттандыру саласында басшылықты жүзеге асыруға уәкілетті, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.