Елорданың электр желілерін 2021-2022жж. жылыту маусымына дайындау жалғасуда.

13 августа 2021

Үлестіру пункттерін, трансформаторлық шағын станцияларды және 10/0,4 кВ әуе желілерін күрделі жөндеу 67,7%-ға орындалса, жабдықтар мен 220/110/10/0,4 кВ желілерге техникалық қызмет көрсету 57,5%-ға орындалды. 

«Астана-АЭК» АҚ-ның жылу беру маусымына жалпы дайындығы – 62,6% құрайды.

Фотосуреттерде 220/110 кВ әуе желілері қызметінің бригадасы 110 000 В әуе желісіне техникалық қызмет көрсетуде.  

 

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

«Астана-АЭК» АҚ электр энергиясын беруді тоқтатуға байланысты жұмыстардың орындалуын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік-мәдени тұрмыс объектілерімен, сондай-ақ көп пәтерлі тұрғын үйлердің басқарушы компанияларымен және өндірістік мақсаттағы объектілермен алдын ала келіседі.

Желілерде жоспарланған жұмыстар туралы ақпарат, оларды өткізу қарсаңында компанияның ресми сайтында www.astrec.kz, facebook әлеуметтік желісінде орналастырылады, сондай-ақ iKomek бірыңғай анықтама қызметіне (109) жіберіледі.  

Сіздерден электр энергиясын ажыратуға байланысты белгілі бір қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Біздің жазғы жөндеу науқанымыздың мақсаты желідегі штаттан тыс жағдайлардың алдын алу және электр желілері максималды жүктемені бастан кешетін, қыстың төмен температурасы кезінде және басқа да қолайсыз ауа-райы жағдайларында электр қондырғыларының сенімді жұмысын қамтамасыз ету болып табылады.