Құрметті тұтынушылар!
«Астана-АЭК» АҚ энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың заңды және жеке тұлғаларының тұтынушыларына электр энергиясын электр желілері арқылы беру, заңды және жеке тұлғалар бойынша және электр энергиясын пайдалану қағидаларын бұзу туралы актілер (бұдан әрі - ЭЭПҚ) бойынша электр энергиясының көлемдерін айқындау және энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға одан әрі беру бойынша қызметтерді көрсетеді.
Объектілерге және ЭЭПҚ бұзу фактісіне жоспарлы тексерулер жүргізеді, электр энергиясын беруді тоқтату/шектеуді жүргізеді, электр энергиясын есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алуды жүргізеді.
Жеке және заңды тұлғалардың объектілерін тексеру барысында келесі бұзушылықтар анықталады:
- энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның желілеріне өздігінен қосылуы;
- электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспабынан (бұдан әрі – КЕҚ) басқа электр энергиясының қабылдағыштарын қосу;
- КЕҚ шынысын және корпусын зақымдау;
- КЕАҚ дискісін жасанды тежеу;
- КЕҚ, ток пен кернеу трансформаторларын қосу схемасының өзгеруі;
- КЕҚ көрсеткішін бұрмалайтын құрылғыларды орнату.
Тұтынушының қасақана жіберген бұзушылықтары үшін «Астана-АЭК» АҚ ЭЭПҚ 66-тармағына сәйкес электр энергиясына есептеулер жүргізетінін, сондай-ақ бұзушылықтар бірнеше рет анықталған кезде электр энергиясын беруді тоқтататынын хабарлаймыз.
Нұр-Сұлтан қаласы, Мәскеу көшесі мекенжайы бойынша орналасқан заңды тұлғаның объектісін тексеру кезінде ЭЭПҚ бұзушылық анықталды, атап айтқанда коммерциялық есепке алу аспабынан бөлек қосу орындалған (ұрлау). Аталған факті 18.05.2018 ж. анықталып, ЭЭПҚ бұзу туралы акт жасалып, тұтынушыға 16 421 кВт * сағ мөлшерінде ұсынылды.
«Астана-АЭК» АҚ бұрын ЭЭПҚ бұзушылықтары анықталған тұтынушыларға тұрақты негізде тексеру жүргізеді.
Нәтижесінде 08.06.2021ж. жоғарыда көрсетілген тұтынушыда ЭЭПҚ бұзушылық қайта анықталды, онда коммерциялық есепке алу аспабынан бөлек қосу (ұрлау) қайтадан анықталды және ЭЭПҚ бұзу туралы екінші акт жасалды және тұтынушыға 13 096 кВт*сағ мөлшерінде ұсынылды.
«Астана-АЭК» АҚ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұзушылықтарды анықтау, ЭЭПҚ бұзушылықтар үшін есептеу және электр энергиясын беруді тоқтату құқығын ескертеді және өзіне қалдырады.