Бердалин Ерлан Сайранұлы
Басқарма төрағасы
Еңбек жолын 2008 жылы Еңбек министрлігінің Астана қаласы департаментінің мемлекеттік инспекторы болып бастаған. 2010 жылдан 2020 жылға дейін жергілікті атқарушы органдарда (ЖАО) басшылық қызметтерді атқарды. 2020 жылы «Нұр-Сұлтан қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ (МСҚБ) басшысының орынбасары болып тағайындалды. 2021 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың наурызына дейін «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС Бас директоры болды. 2022 жылғы 24 наурыздан бастап «Астана-АЭК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. 2022 жылғы 11 мамырдан бастап қазіргі уақытта «Астана-АЭК» АҚ Басқарма төрағасы. #Бердалин #Ерлан #Сайранович

Тұрлыбеков Әнуар Алдабергенұлы
Басқарма төрағасының бірінші орынбасары
Еңбек жолын 2004 жылы коммерциялық ұйымның заңгері болып бастаған. 2006 жылдан бастап мемлекеттік коммуналдық ұйымдарда жұмыс істеді. 2012 жылдан бастап өндірістік-шаруашылық кәсіпорындарда басшылық қызметтерді атқарды. 2019 жылы «Астана шаруашылық басқармасы» ЖШС директоры болып тағайындалды. 2022 жылғы 23 мамырдан бастап «Астана-АЭК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Төлегенова Тәнзиля Меңдіғалиқызы
Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары
Еңбек жолын 1983 жылы Қазақ КСР Мемжаб стратегиялық жоспарлау басқармасында бастады. 1993 жылдан 2011 жылға дейін акционерлік қоғамдарда және ҚР Қаржы министрлігінде жұмыс істеді. 2015 жылдан 2022 жылға дейін тұрғын үй-коммуналдық кәсіпорындардың басшылық лауазымдарын атқарды. 2022 жылғы 23 мамырдан бастап «Астана-АЭК» АҚ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
Сембеков Абзал Мұратұлы
Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары
Еңбек жолын 2004 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Сары-Шаған сигнализация және байланыс дистанциясы» филиалының электрмонтері болып бастады, 2013 жылдан бері еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жетекші инженер.2014 жылдан бастап «Астана-АЭК» АҚ-да жетекші инженер лауазымынан бастап, 2016 жылдан пайдалану сенімділігі және қауіпсіздік техникасы қызметінің бастығы болып еңбек етті.Одан кейін«Экотон+» зауыты кәсіпорнында және «Энергия Регион» ЖШС-да басшылық қызметтерді атқарды. 2020 жылғы 17 қарашадан бастап «Астана-АЭК» АҚ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары лауазымына кірісті.