Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі (ЭКЕАЖ) «Астана-АЭК» АҚ электр желілері бойынша электр энергиясын тасымалдау, электр энергиясын тұтыну параметрлерін автоматтандырылған өлшеуді ұйымдастыру, уақыт бойынша байланыстырып электр энергиясы мен қуатты өлшеу дәлдігін арттыру және электр тұтынуды басқару сапасын, электр энергиясының көтерме нарығында қаржылық есептеулерді жүргізуде ақпараттық қамтамасыз етуді жақсарту туралы мәліметтерді жедел алу мақсатында құрылды.
Тасымалдау туралы мәліметтеді жинау «Астана-АЭК» АҚ және энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың желілері, өнеркәсіптік, ұсақ моторлы және тұрмыстық сектор желілерінің жалғану нүктесінде жүргізіледі.
220/110/35/10/6 кВ қала орамының ЭКЕАЖ «ЭКОМ» бағдарламалық-техникалық кешені (БТК) негізінде құрылды және 32-шағын станцияда орналасқан коммерциялық және техникалық есепке алудың 1848-нүктесін қамтиды. Жүйені құру үшін үш деңгейлі схема қолданылды. Электр энергиясын есепке алудың өлшеу кешені (ЭЕӨК) бірінші деңгей болып табылады, электр қондырғысының ақпараттық-есептеу кешені (ЭАЕК) екінші деңгей. ЭКЕАЖ бірінші және екінші деңгейі 220/110 кВ қала орамының әрбір шағын станциясында орналасқан. ЭЕӨК электр энергиясын есептегіштерден, тоқ пен кернеуді өлшеу трансформаторларынан тұрады, ЭАЕК мәліметтерді жинау және беру құрылғысынан (МЖБҚ) және телекоммуникалық жабдықтардан тұрады.
220/110 кВ қала орамының ЭКЕАЖ мәліметтері (220/110/35/10/6 кВ 27-ШС-да 1848 коммерциялық және техникалық есепке алу құралы орналасқан) электр энергиясын тасымалдау режимін анықтау, 220/110 кВ қала орамының электр қондырғыларында жалғанулар бойынша теңгерімсіздікті есептеу үшін «Астана-АЭК» АҚ ОДҚ коммерциялық диспетчеріне және режимдер жөніндегі инженеріне, 220/110 кВ қала орамы шағын станцияларының жалғанулары бойынша электр энергиясын тасымалдау көлемін анықтау және «Астанаэнергосбыт» ЖШС-не есепшот ұсыну үшін ЭТБҚ қызметінің есеп айырысу бөліміне беріледі. «Астана-АЭК» АҚ және басқа энергия тасымалдаушы ұйымдар арасында теңгерімдік тиесілігі шекарасында электр энергиясын тасымалдау көлемі туралы ЭКЕАЖ алынған мәліметтер жүйелік оператор «KEGOC» АҚ беріледі.
220/110 кВ қала орамына ЭКЕАЖ енгізу бойынша жұмыстар 2010 жылдың аяғында басталған болатын. 220/110 кВ қала орамының ЭКЕАЖ коммерциялық және техникалық бөліктерден тұрады. Коммерциялық бөлік электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысушылар (энергия өндіруші, энергия беруші, энергия өткізу ұйымдары), электр энергиясының бөлшек сауда нарығына қатысушылар (өнеркәсіптік сектор) және «Астана-АЭК» АҚ арасында желілердің теңгерімдік тиесілігі шекарасында орналасқан есепке алу нүктелерін қамтиды. Техникалық бөлік «Астана-АЭК» АҚ желілерінің ішінде электр энергиясын тасымалдауды бақылау үшін қажет техникалық есепке алу нүктелерін қамтиды. Электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысушылар арасында ауысымдар теңгеріміне қатысушы коммерциялық есепке алу нүктелері Жүйелік оператор «KEGOC» АҚ аттестатталған, осы нүктелер бойынша электр энергиясын тасымалдау туралы мәліметтер Жүйелік оператордың бағдарламалық кешеніне беріледі. 110 кВ қала орамының ЭКЕАЖ енгізу бойынша жобаны іске асыру барысында электр энергиясының индукциялық есептегіштері ауыстырылып, қолданыстағы микропроцессорлық есептегіштер қолданылған болатын. «ЭКОМ» БТК қолдану қолданыстағы микропроцессорлық есептегіштерді ауыстырудан бас тартуға мүмкіндік берді, өйткені кез келген өндірушінің есептегішінің жұмысын қолдайды.
Қазақстанды энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында цифрландыру аясында «Астана-АЭК» АҚ-да 0,4 кВ бойынша электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін орнату бойынша жұмыс жүргізілді. Инвестициялық бағдарламаларға сәйкес ЭКЕАЖ жүйесін енгізу бойынша жұмыстар 2010 жылдан бастап жүргізілді. 29 456 есепке алу құралы енгізілді.
«Электр желілерінің ЭКЕАЖ» жобасы бойынша 2010-2012 жылдары «Оңтүстік-Шығыс» және «Көктал» шағын аудандарының жеке сектор абоненттерінің есепке алу құралдары ауыстырылды, өйткені сол жылдары пайдаланылған есепке алу құралдары электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінде бірінші рет қолданылды, олар PLC-1 технологиясын қолдана отырып, күш беретін желі бойынша ақпарат беруді жүргізді және теңгерімдік тиесілік шекарасына сәйкес ӘЖ-0,4 кВ тіреуінде орнатылды.
Жабдықтың техникалық тозуға ұшырауы және «Оңтүстік-Шығыс» және «Көктал» ТМ жеке секторынан сұрастырмау жайында тұтынушылардың жиі шағымдарына байланысты 2021 жылы «Астана-АЭК» АҚ инвестициялық бағдарламасына сәйкес қолданыстағы ЭКЕАЖ жүйесін күрделі жөндеу жоспарланған.
ЭКЕАЖ пайдалану жаңа технологиялардың көмегімен электр энергиясын ұрлау сияқты құбылыспен нәтижелі күресуге болатындығын көрсетті. Қаланың өсуі мен тұтынушылар заңды және жеке тұлғалар санының артуына қарамастан, ЭКЕАЖ енгізу «Астана-АЭК» АҚ-ға қызметкерлердің бұрынғы сандық құрамымен жоғары жұмыс көлемін орындауға мүмкіндік береді.