Халық қалаулылары елордалық энергия беруші кәсіпорынның 2020 жылғы және 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметінің есебімен танысты.
Компаниямен танысу энергетика кәсіпорнының орталық диспетчерлік қызметінен басталды, энергетиктер бүгінгі таңда елорданың энергожүйесіне бақылау және басқару қалай жүргізіліп жатқанын көрсетті. Заманауи жарықдиодты экрандарда онлайн режимде қаланың барлық электр желілері мен шағын станцияларының жұмысы көрінеді, ал олардың саны түрлі кернеу кластарымен - 3771 дананы құрайды.
Тәжірибелі мамандар елорда тұтынушыларын үздіксіз электрмен қамтамасыз ету үшін күндіз-түні энергия желілерін жіті қадағалайды.
Мәжілісте депутаттар компания тарапынан баяндамашыларды тыңдады. Олар орын алған проблемалармен және оларды шешу жоспарларымен танысты.
Мысалы, энергия объектілерін кәсіпорын теңгеріміне қабылдауға байланысты проблемалар шығындардың өсуіне әкеледі, ол компания үшін тікелей шығындар болып табылады. Авариялық ажыратулар санын талдай отырып, депутаттар олардың жыл сайын төмендеуіне көз жеткізді, бұл жылу беру аралығындағы жөндеу жұмыстарының сапасын көрсетеді.
Компания қызметі туралы есептер, кәсіпорынды дамыту және қаржылық сауықтыру жоспарлары халық қалаулыларын кәсіпорынның елордамызды сапалы және үздіксіз электрмен жабдықтау мақсатында қойылған барлық міндеттерді орындайтындына сендірді.