19 октября 2020
Бұл күн азаматтық қорғау жүйесінің кәсіби мерекесі. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 қазандағы «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының құрылымын жетілдіру туралы» №2541 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылды.
«Астана-АЭК» АҚ азаматтық қорғау шараларын энергиямен қамтамасыз ету, ерекше маңызды нысандардың тұрақты жұмысы және халықтың өмірін қолдау мақсатында құрылған Нұр-Сұлтан қаласының энергетикалық қызметінің құрамына кіреді.
15 октября 2020
2020 жылдың 5 қазанында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің (ТМРКД) ұйымдастыруымен 2021-2025 жылдарға арналған «Астана-АЭК» АҚ электр энергиясын беру тарифінің шекті деңгейін бекіту туралы қоғамдық тыңдау өткізілді.
Осыған байланысты басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Қашкеев Әлібек Маратұлы тұтынушылардың сұрақтарына жауап берді.
13 октября 2020
2020 жылғы 5 қазанда 15 сағат 12 минутта трансформаторлық шағын станциядан «Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, Қосалқа, Талғар және Сәтпаев көшелерінің қиылысы ауданындағы жапсарлас орынжайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені» объектісінің жобаланған ТШС-ға дейін 10 кВ кабель желілерін монтаждау бойынша көлденең бағытталған бұрғылау әдісімен жер қазу жұмыстарын жүргізген кезде ҮШС- 75 19,20-ұяш. – ТШС 3068 10кВ екі кабель желісі зақымданған.
04 октября 2020
2020 жылғы 1 қазанда «Астана-Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ 2020-2021ж. күзгі-қысқы жағдайына энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың дайындық паспортын алды.
03 октября 2020
2020 жылғы 3 қазанда «Астана-АЭК» АҚ ғимаратында «Нұр Отан» партиясының праймеризі өтті.
03 октября 2020
Экологиялық айлықтың аясында «Астана-АЭК» АҚ қызметкерлері қажетті құрал-жабдықтармен қамданып, қайтадан елорданың көшелеріне шықты.
01 октября 2020
Бұл өмір туралы көп білетін, көп нәрсені айта алатын және көп нәрсені үйрете алатын, ақ шаштары тек жасын ғана емес, сонымен бірге шексіз даналықты, баға жетпес тәжірибе мен үлкен білімді білдіретін адамдарды құттықтаймыз. Сіздерге денсаулық, тыныштық, мейірім мен қамқорлыққа толы шексіз ұзақ та бақытты ғұмыр тілейміз. Жастарыңызға қарамастан жандарыңыз әрқашан жас және жігерлі болып қала берсін!
29 сентября 2020
Бүгін «Астана-АЭК» АҚ-ның өкілдері Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті ұйымдастырған баспасөз-турына қатысты. Бұл іс-шара инвестициялық бағдарламалардың айқындығы мен ашықтығын және кәсіпорын активтерін жетілдіруді, сондай-ақ оларды іске асыру әсерін баяндау мақсатында жүргізілді.
26 сентября 2020
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бекітілген аумақтарды абаттандыру және санитарлық тазарту аясында елордалық энергетиктер 80 үлестіру пункттері мен трансформаторлық шағын станциялардың айналасынан қоқыс жинап, шығарды.
25 сентября 2020
Жөндеу бағдарламасының жоспары 100% орындалды. Елордалық энергетиктер күрделі жағдайларға қарамастан күшейтілген карантиндік шаралар шеңберінде электр жабдықтары мен электр беру желілеріне күрделі жөндеу және техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ шағын станциялардың, тарату пункттерінің және басқа да ғимараттардың құрылыс бөлігін ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды сәтті және уақтылы жүргізді. Жөндеу бағдарламасының мақсаты желілердегі штаттан тыс жағдайлардың алдын алу және электр желілері ең жоғары жүктемені сезінген күзгі-қысқы кезеңде электр қондырғыларының сенімді жұмысын қамтамасыз ету болып табылады.
10 сентября 2020
Құрметті тұтынушылар! «Астана-АЭК» АҚ бизнестің ашықтығын арттыру мақсатында өзінің қызметінде компанияның тұтынушылары, акционерлері, серіктестері және қызметкерлерінің мүддесін сыбайлас жемқорлыққа байланысты қауіптен қорғау басымдығын ұстанады.
04 сентября 2020
Шағын станциялар мен 10 кВ әуе желілерін күрделі жөндеу жұмыстары аяқталу кезеңінде тұр. Өндірістік бригадалар шағын станциялар мен 0,4/10 кВ әуе желілеріне техникалық қызмет көрсетуді соңына дейін жеткізуде.