Аварияның себебі: кабель каналын ашу кезінде кабельде оқшаулау қабатының бұзылуы түрінде зақымдану анықталды, екі муфтаны орнату арқылы ақаулы учаскені ауыстыру жүргізілді. Желіні толық қалпына келтіргеннен кейін резервтік кабель желісінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде, ол тұрғын үй кешендерін екінші қуат көзімен қамтамасыз етеді.
«Астана-АЭК» АҚ бас инженері Руслан Әбжанов, тұрғын үй кешендерін салушылар құрылыстан кейін желілерді жергілікті атқарушы органдардың теңгеріміне бермегенін, бұл желілер әлі ресімдеу және «Астана-АЭК» АҚ-ның теңгеріміне беру сатысында екенін хабарлады. Сонымен қатар, бұл кабель желісінің кабель тарамдарының оқшаулағыш қабаты ішінара зақымданған, бұл тұрғындарды қалыпты электрмен жабдықтауды қиындатады. Қазіргі уақытта резервтік желіде зақымдану табылып, кабельдің зақымдануы жойылуда.