«КазИнжСтрой» ЖШС көшені қайта құру бойынша мердігерлік жұмыстар жүргізген. Жер жұмыстары «Астана-АЭК» АҚ-мен келісімді рәсімдемей орындалған, соның салдарынан «ЕвроЦентрАстана» АҚ теңгеріміндегі кабель желісі зақымдалған болатын.
Зақымдалған аймақты анықтағаннан кейін әуе желісі сол күні сағат 20:55-те жұмысқа қосылды.
«КазИнжсСтрой» ЖШС, әкімшілік ғимарат қуат алатын КТШС-942 кабель желісін қалпына келтіру бойынша авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын өз бетінше жүргізді. КТШС-942-де зақымданулар жойылғаннан кейін 2021 жылғы 9 ақпанда сағат 17:14-те жұмысқа қосылды.
Желілердің үзілу дерегі бойынша Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласының аумақтық департаментіне хат жолданды. «КазИнжСтрой» ЖШС желіде зақымдану орнын анықтау, электр энергиясын қосу және жеткіліксіз беру бойынша шығындарды өтеп берді.
Сондай-ақ, материалдар мен кабель желісін қалпына келтіру жұмыстарына, арнайы техниканы тарту, зақымдалған кабель желісін сынауға қаражат жұмсады.
«Астана-АЭК» АҚ жазатайым оқиғаларды болдырмау және инженерлік желілердің барлық түрлерін сақтау мақсатында, жұмыстарды бастамас бұрын барлық жұмыс түрлерін Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық қызметтерімен келісу қажет екендігіне құрылыс-монтаждау ұйымдарының назарын аударады!
Жер жұмыстарын жүргізуді келісу үшін «Астана-АЭК» АҚ өкілдерін шақыруға арналған телефондар:
- Алматы, Байқоңыр, Сарыарқа аудандары 620 395, 620 386, 79 39 85;
- Есіл ауданы 500 526.