Новости

19 февраля 2020
Қысқы қар тазалау – энергетиктер үшін аса маңызды жұмыс.  Биылғы жылы   қардың көптеп жаууына байланысты ерекше болып отыр. Үлкен қар үйінділері жоспарлы тексерулер мен авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін электр жабдығына қолжетімділікті қиындатуда.
19 февраля 2020
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрайымы Дариға Назарбаева электр энергетикасы саласының жұмыс істеуі және халықты үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша кездесу өткізді. Мәжіліске  ҚР Сенатының депутаттары, энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілдері, сондай-ақ «KEGOC» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ және «Астана-АЭК» АҚ басшылары қатысты.    
12 февраля 2020
Сіздерге қолайлы болу үшін жалғану үшін (техникалық шарттарды беру үшін) өтінімді келесі тәсілдермен беруге болады:
04 февраля 2020
Құрметті тұтынушылар!  ТКШ саласында өзекті мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті ғимаратында ашық қабылдау жұмыс істейді, мекенжайы Петров көшесі, 5-үй. Өтініштер әр айдың бірінші сейсенбісінде сағат 15.00 бастап 18.00 дейін қабылданады. 
27 января 2020
Барлық аудандық электр желілерінде  қосымша құрылған бригадалар және өндірістік қызметтер тәулік бойы кезекшілік жүргізуде. Технологиялық бұзушылықтарды жедел жоюға кәсіпорынның барлық қызметтері жұмылдырылған.    
25 января 2020
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасымен 2020 жылғы 23 қаңтарда энергетикалық кәсіпорын "Астана-АЭК" АҚ күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді. Қаланың барлық аудандарындағы электр желілеріне жауапты бригадалар мен өндірістік қызметтер тәулік бойы кезекшілікпен жұмыс атқаруда.
06 января 2020
6 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттарының аймақтарға сапары аясында «NurOtan» партиясы фракциясының мүшелері: С.Қ.Ахметов, П.О. Казанцев(экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшелері), Д.Н.Нұрманбетова (әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі) және А.А.Назаровтың (Нұр-Сұлтан қаласы «Nur Otan» партиясының Есіл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары) «Астана-Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ-ның еңбек ұжымымен кездесуі болып өтті.
26 декабря 2019
«Астана-АЭК» АҚ компаниясы жұмыскерлердің балалары үшін    MEGA Silk Way СОО-да Happylon отбасылық ойын-сауық орталығында мерекелік іс-шараға қатысуды ұйымдастырды.
24 декабря 2019
"Астана-АЭК" АҚ 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік тілді қолдану және дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға сәйкес Компания қызметкерлеріне мемлекеттік тілді үйрену үшін жағдай жасайды. "Руханият" МКМ-мен бірге бірнеше деңгей бойынша оқу сабақтары ұйымдастырылды.
20 декабря 2019
«Сіздер үйлер мен қаланың барлық нысандарында жылуды қамтамасыз етесіздер. Бұл суық пен ыстыққа қарамастан, әсіресе қысқы кезеңдерде күндіз және түнде орындалатын күрделі жұмыс. Қысқы кезеңде жұмыстың ауырлығы арта түседі. Біз сіздердің жұмыстарыңызды өте бағалаймыз. Біз сіздерге осы қиын, бірақ асыл жұмысты атқарғандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Энергетик күні Сіздерге және Сіздердің отбасыларыңызға денсаулық, амандық, табыс тілеймін. Жас мамандардың баспанамен қамтамасыз етілуі үшін мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы жұмыс істейді. Қазір үйге қоныстандыру жүріп жатыр. Сондай - ақ, басқа да бірқатар тұрғын үй бағдарламалары бар, келесі жылдан бастап қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемін үш есе ұлғайтамыз», - деді қала әкімі Алтай Көлгінов. Сондай-ақ, Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша 2020 жылдың басынан бастап елорданың коммуналдық қызметкерлеріне жалақы артады.
16 декабря 2019
Біздің сүйікті Қазақстанымыз әрқашан қуаныш, қонақжайлылық, береке-бірлік пен достықтың жарқын сәулесімен жарқырасын! Барлық қазақстандықтардың үйлерінде әрқашан бейбітшілік, келісім және өзара түсіністік орнасын!
15 декабря 2019
Желтоқсанның әр үшінші жексенбісінде Қазақстанда Энергетиктер күні аталып өтіледі – еңбектері қатардағы азаматтар мен жалпы мемлекеттің өміріндегі осындай маңызды міндеттермен байланысты адамдардың кәсіби мерекесі, аспаптар, аппаратура, станоктар және т.б. үшін жылумен, жарықпен және қорек көзімен, яғни электр және жылу энергиясымен қамтамасыз ету.