Зейнетке шығу-бұл тек бастамасы!

26 февраля 2021

Бригада құрамында Тоғызбай Нұрышев электр желілеріне техникалық қызмет көрсету бойынша жұмысты білікті орындады, оған ерекше білім және жедел қосу, үлестіру электр желілеріндегі зақымдануды табу және жою сияқты дағдылар қажет.

Тоғызбай Жұматайұлы кәсіпорын өндірісі мен жабдықтарын дамыту, қайта құру, техникалық қайта жарақтандыру және жаңғыртудың перспективалық жоспарларын жүзеге асыруға өз үлесін қосты.  Ол жұмысты жақсарту және жабдықтар мен желілердің сенімділігі мен үнемді жұмысын арттыру үшін жаңа техникалық шешімдерді енгізу бойынша рационализаторлық ұсыныстар жасады

Т.Ж.Нұрышев жас мамандарға тәлімгер болды, тәжірибесімен бөлісті.   Ұжымда лайықты бедел мен құрметке ие.   

Көп жылғы ерен еңбегі үшін 2015 жылы Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығының Құрмет грамотасымен, 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды, 2020 жылы «Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығының  Еңбек сіңірген энергетик» атағы берілді.   

Еңбектің зейнетін көру ол да бір бақыт. Зейнетке шығу – өмірдің жаңа бастамасы! Тоғызбай Жұматайұлына мықты денсаулық, отбасына амандық, сәнді де  мәнді ғұмыр тілейміз.  Бақытыңыз баянды болып, сау-саламат жүргейсіз!