Жеке тұлға И.В.Воронин жер жұмыстарын жүргізу кезінде «Сауыр» ЖШС теңгеріміндегі 10кВ кабель желілерін зақымдаған. Жұмыстар «Астана-АЭК» АҚ рұқсатынсыз және келісімінсіз жүргізілген.
Зақымдалған аймақты анықтағаннан кейін ТШС-457 сағат 11:20-да, ТШС-2229 сағат 12:13-те, ТШС-199, ТШС-151 сағат 13:13-те сол күні қайта іске қосылды.
ТШС-2229 кабель желілерін қалпына келтіру бойынша авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жеке тұлға И.В.Воронин өз бетінше жүргізді. ТШС-2229-ға ҮП-9А 12-ұяш. кабель желілерін қалпына келтіргеннен кейін сол күні сағат 21.45-те іске қосылды.
Желілердің үзілу дерегі бойынша Нұр-Сұлтан қаласының жоғары тұрған бақылаушы органдарына хат жолданды. Жеке тұлға И.В.Воронин желідегі зақымдану орнын анықтау, электр энергиясын қосқаны және жеткіліксіз бергені үшін шығындарды өтеді. Сондай-ақ И.В.Воронин кабель желісін қалпына келтіру бойынша материалдар мен жұмыстарға, арнайы техниканы тарту, зақымдалған кабель желісін сынауға қаражат жұмсады.
«Астана-АЭК» АҚ құрылыс-монтаждау ұйымдарының назарын аударады: жазатайым оқиғаларды болдырмау және инженерлік желілердің барлық түрлерін сақтау мақсатында, барлық жұмыс түрлерін оларды бастамас бұрын Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық қызметтерімен келісу қажет!
Жер жұмыстарын жүргізуді келісу бойынша «Астана-АЭК» АҚ өкілдерін шақыруға арналған телефондар:
- Алматы, Байқоңыр, Сарыарқа аудандары 620 395, 620 386, 79 39 85;
- Есіл ауданы 500 526.