Кушнаренко Валерий Анатолевич, қиын уақытта, кәсіпорын басшылығына келіп, оны 10 жылдан астам уақыт: 1999 жылдың мамырынан 2011 жылға дейін басқарды. Осы кезеңде ескі авариялық жабдықтары бар күйреген кәсіпорын, өз жұмысында ең озық техниканы пайдаланатын заманауи, табысты энергия компанияға айналды.
Валерий Анатольевич туралы, техникалық сауаттылық, ұйымдастырушылық қабілет және өз ісіне деген адалдық пен шынайылық сияқты адами қасиеттер органикалық ұштасқан басшы екенін айтады. Әрине мұндай адамның әріптестерінің, қарамағындағылардың, оқушыларының құрметіне ие болмауы мүмкін емес. Тіпті бүгінде сүйікті директор және тәлімгер зейнетке шыққан кезде, компания қызметкерлерінің естеліктері мен әңгімелерінде оның есімі жиі айтылады.
Кушнаренконың энергетикадағы даңқты жолы Ақмола облысы Астрахан ауданының тумасы Целиноградқа келіп, ауыл шаруашылығы институтының электрлендіру факультетіне оқуға түскен кезде басталды. 1974 жылы ЖОО түлегін Целиноград электр желілері кәсіпорнына жұмысқа жібереді. Жас дипломды маман релелік қорғаныс қызметіне релелік инженер болып жұмысқа орналасады. Инженер, содан кейін аға инженер болды. 1980 жылы «Қалалық электр желілері» кәсіпорны құрылғаннан кейін Валерий Анатольевич релелік қорғау, автоматика және байланыс қызметінің бастығы болады. Ал 1987 жылы ұжым талантты энергетикті бас инженер етіп сайлайды. Ол кезде кәсіпорын басшыларын жұмысшылар арасында дауыс беру арқылы тағайындайтын. Энергокомпанияның техникалық басшысының лауазымы үлкен жауапты жұмыс ауқымын білдіреді. Кушнаренконың иығына туған кәсіпорынды техникалық жабдықтау, қаланың электр желілерінің жағдайы, өнеркәсіп нысандарын энергиямен қамтамасыз ету, жаңа технологияларды енгізу және бүкіл қаланы энергиямен қамтамасыз етудің үздіксіз жұмысына қамқорлық жасау жүгі артылады!
«Ол кезде апаттылық көп болды. Жабдық ескі, 40-50 жыл жұмыс істеген, күйреу үстінде еді. Қуат жетіспей, кезекпен ажырату жүргізуге тура келді. Бір сөзбен айтқанда, құлдырау кезі болатын, соны біз біртіндеп жөнге келтіре бастадық. Қиындығы желілік өнімдерді жеткізудің болмауы еді. Сондықтан мүмкіндігінше қиындықтан шығуға тырыстық. Іздедік. Біртіндеп ағымдағы жөндеу жүйесін ретке келтіріп, жабдық сатып алып, оны ауыстыра бастадық».
Валерий Анатольевич бас инженердің жұмысын «өте жақсы» орындайды. Олай болмауы мүмкін де емес еді. Міне, ол осындай, ісіне бей-жай қарай алмайды, жауапты, кез-келген іске жан-тәнімен беріліп кіріседі. Сондықтан болар Кушнаренконы кәсіпорынның бас директоры етіп тағайындайды. Басшы рөлінде ол үшін ең маңыздысы қала энергетикасын дамытудың алдағы бағытын анықтау болды. Елорданы көшіру оларға ырғалуға таңдау мен босаңсуға уақыт қалдырмады. Қалалық электр желісі еліміздің жүрегінің негізгі энергетикалық инфрақұрылымына айналды, демек, ол елдегі ең жақсы болуы керек.
«Астана көшіп келгесін, талаптар бірден өзгерді. Бізге бірден апаттық ағытулар мүмкіндігінше аз болуы керек деді. Біздер кабель, әуе желілерін, ескі шағын станциялардың жабдықтарын ауыстырдық, жаңаларын салдық. Мысалы, жабық үлгідегі «Астана» шағын станциясын салдық. Қазақстанда алғаш рет. Онда Siemens фирмасының жабдығы орнатылған. Бұған дейін біздің мамандар Германияға барып, сол жерде техниканың ерекшеліктері мен сапасын зерттеді. Осылайша, барлық шағын станциялар заманауи жабдықтармен жабдықталды. Сондықтан қазір бұл тұрғыда ешқандай проблема жоқ», - дейді Валерий Анатольевич.
Компанияның өткені мен бүгінін салыстыра отырып, Валерий Анатольевич бұл «аспан мен жердей» «жер мен көктей» дейді. Қазір тұтынуда да, төлемде де, есепке алуда де тәртіп орнаған. Жаңа есепке алу жүйесін енгізгесін энергетиктер енді шығынсыз жұмыс істеуде. Кушнаренконың тағы бір жетістігі, бүгінде «Астана-АЭК» орналасқан ғимарат. Қала шегінде қолайлы учаске табу үшін, біраз мемлекеттік органдардың табалдырығын тоздыруға тура келді, дейді әңгімесінде. Одан кейін қандай ақшаға салу керек деген сұрақ туындады? Несие алып, шығындарды тарифке қосу ұсынылды. Осылайша оның ежелден келе жатқан арманы жүзеге аса бастады. Тек Валерий Анатольевичке жаңа ғимаратта жұмыс істеу бақыты бұйырмады. Бірақ ол қазіргі қызметкерлердің оны екінші үйі деп санайтындығына қуанышты.
Дегенмен, экс-басшы өзінің басты жетістігі, тіпті ең қиын уақытта, қашанда қаланың ең жақсы мамандары жұмыс істейтін ұжымды сақтай алғандығы деп санайды. Олардың көпшілігін Валерий Анатольевич тәрбиелеп, өмірге жолдама берді. Мұны біз оның әріптестерінен білдік. Себебі Кушнаренконың өзі сөйлегеннен гөрі, іспен көрсетуге дағдыланған. Ол жұмысты даңқ пен мақтау үшін істеуге құмартпады. Дей тұрғанмен, бұрынғы басшының марапаттары да аз болмады. Жоғары кәсіби біліктілігі үшін Валерий Анатольевич «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Астана» мерейтойлық медалімен, «ТМД еңбек сіңірген энергетигі» атағымен және басқа да құрмет грамоталарымен, наградалармен марапатталған. Зейнеткерлікте болса да, экс-басшы туған кәсіпорны үшін, тәжірибелі кадрларды сақтап, жас мамандарды даярлау үшін әкелік қамқорлықпен уайымдауды жалғастыруда. Өйткені энергетика-бұл бірінші кезекте адамдар. Энергетика ардагері туған кәсіпорнына жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейді.
Валерий Анатольевич! Ұжым Сізді ақылман басшы, іскер ұйымдастырушы, жарқын бастамалардың қолдаушысы ретінде ерекше бағалап, құрмет тұтады. Сізге ұзақ өмір, мықты денсаулық және амандық тілейміз!