Процедураны өткізу үшін №5 қалалық емхананың медперсоналы шақырылды. Пайдалану сенімділігі және қауіпсіздік техникасы қызметі жеке кабинет ұйымдастырып, у-шуды болдырмау үшін қатаң қабылдау кестесін әзірледі. Бірінші күні 105 адам коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алды.
Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша егу пункттерінің саны 36-дан 100-ге дейін ұлғайтылды. АМСК ұйымдарында жұмыс кестесі сағат 8:00-ден 00:00-ге дейін ұзартылды. 2021 жылғы 15 сәуірге қарасты елордада коронавирустық инфекцияға қарсы 40 мыңға жуық адам екпе алды. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының деректері бойынша бұл көрсеткіштер АМСК ұйымдарында және «Mega Silk Way» СОО-да (СОО-да 10.00-ден 22.00-ге дейін) ұйымдастырылған егу пункттерінен алынды (дерек көзі: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің сайты).
Вакцина – ауруды жұқтырмау немесе асқындыруды болдырмаудың жалғыз сенімді әдісі. Вакцинациялауды көптеген инфекцияларға қарсы, ал жақында COVID-19 коронавирусына қарсы қолдануда. Вакцинацияланған адам ауырып қалса да, аурудың асқынуы мен ауыр ағымының ықтималдығы іс жүзінде нөлге тең болады.