2021 жылғы қаңтарда объектіге электр энергиясын беруді тоқтату қатерімен тұтынушы көрсеткіштерді алу үшін біздің өкілдерімізді объекті аумағына жіберді. Сол кезде оның есепке алу құралының көрсеткіштерін төмендеткені анықталды. 2021 жылғы қаңтарда пайдаланылған электр энергиясы үшін ол 228 640 кВт*сағ көлемінде 4 319 009,60 теңге сомасында шот-фактура алды (нақты көрсеткіштер бойынша).
Құрметті тұтынушылар!
Еске саламыз, Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңының 19-бабының, 5-тармағына сәйкес, электр энергиясының тұтынушылары энергиямен жабдықтаушы және энергия берушi ұйымдардың жұмыскерлерiн коммерциялық есепке алу аспаптарына, сондай-ақ мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi органның жұмыскерлерiн, жергілікті атқарушы органдардың уәкілетті өкілдерін электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйiн және пайдалану қауiпсiздiгiн бақылауды жүзеге асыру үшiн жiберуге міндетті.
Осындай жағдайларды болдырмау үшін біздің өкілдерімізді коммерциялық есепке алу құралдарына жіберулеріңізді сұраймыз!
Электр энергиясын есепке алу, электр энергиясын есепке алу құралдарын пломбалау және пломбасын алу мәселелері бойынша электр энергиясын тұтынуды бақылау қызметінің телефондарына қоңырау шалыңыздар:
-
- 620 454;
- +7 771 022 7824, +7 771 022 7825.