Осылайша, жұмысшылардың тілектерін ескере отырып, арнайы киімнің сапасы мәселесі шешілді. Ұсынылған арнайы киімдердің, арнайы аяқ киімдердің және қорғаныс құралдарының сапасын тексеру бойынша комиссия құрылды, оған кәсіпорын қызметтерінің және еңбек ұжымының өкілдері кірді. Енді электрмонтерлердің өтініші бойынша жаңа міндет – әрбір өндірістік қызметтің қызметіне сәйкес келетін ыңғайлы арнайы аяқ киімді таңдау.
Әрине, ұжымды әрдайым жалақыны көтеру мәселесі қызықтырады. 2021-2025 жылдарға арналған жаңа тарифті енгізуге сәйкес, 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап жалақы өседі. Бұл туралы «Астана-АЭК» АҚ қаржы-экономикалық қызметі жөніндегі ақпаратта хабарланды.
Асхананы жалға алушылармен құны 650 теңге болатын кешенді түскі ас беру туралы келісімге қол жеткізілді. Кездесулерде ұжым қажетті штаттық бірліктерді енгізу, электрмонтерлерга арналған біліктілікті арттыру курстары, қызметкерлер үшін тұрғын үй салу, көлікті қоятын орындарды ұлғайту сияқты және т.б. басқа да мәселелерге қызығушылық танытты.
Басшылық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар бойынша жұмысқа көп көңіл бөледі. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі және сыртқы талдау жүргізілді. Осы жұмыс аясында өткізу блогының персоналымен, сондай-ақ барлық құрылымдық бөлімшелердің бастықтарымен бұрынғы қызметкерлердің жол берген қылмыстық құқық бұзушылықтан кейін сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша әңгімелер жүргізілді.
Пандемия кезінде елорда энергетиктерінің қажырлы еңбегі жеке атап өтілді. Барлық өндірістік қызметкерлер қарапайым режимде емес, күшейтілген режимде жұмыс істеді деуге болады: қала тұрғындарының онлайн оқуына және қашықтан жұмыс істеуіне байланысты тұрғын үй алаптарын үздіксіз электрмен жабдықтау үшін жауапкершілік бірнеше есе өсті.
Кәсіподақ төрағасы да атқарылған жұмыстар туралы егжей-тегжейлі айтып берді. 2020 жылы көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды, оның ішінде: қызметкерлер мен олардың балаларына арналған мерекелерге сыйлықтар, мұқтаж адамдарға материалдық көмек көрсету, антисептикалық құралдар мен маскалар сатып алу және тарату, балаларға футбол жаттығуларын ұйымдастыру, ауылшаруашылық өнімдерін көтерме бағамен сатып алу. Кәсіподақтың 8-мүшесі Орталық кәсіподақ аппаратының бастамасымен Тәуелсіздік күні мен энергетиктер күніне орай салалық наградалармен марапатталды. Қоғамның Ұжымдық шартына сауықтыру, ауысым кестесін ұлғайту, учаске шеберлеріне қосымша демалыс күндерін беру бөлігінде айтарлықтай өзгерістер енгізілді.
Кәсіпорын басшылығы еңбек жағдайларын, қызметкерлер арасындағы өзара қарым-қатынастарды және ұжымдағы моральдық ахуалды жақсарту үшін жыл сайын осындай кездесулер өткізу туралы шешім қабылдады.