2021 жылдың 10 сәуірінде елордада коммуналдық сенбілік өтті. Компанияның 100 қызметкері күрек және сыпырғыштармен жабдықталып, кәсіпорын ғимараттары мен трансформаторлық шағын станциялардың айналасын тазалауға шықты. 5-бірлік арнайы техникамен қар және қоқыс шығарылды.
Біздің еліміз тазалық аумағына айналуы тиіс. Акцияның басты мақсаты – республикадағы экологиялық жағдайды жақсарту. Елорда энергетиктері барлық алаңдаушылық білдірген жандарды «Бірге – таза Қазақстан» экоакциясына қатысуға шақырады!