«Астана-Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ  «№5 Қалалық емхана» МКК және «Салауатты Астана» ЖШС ұжымдарына қызметкерлерімізді ұжымдық вакцинациялауды ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін шынайы алғысын білдіреді.  

30 сентября 2021

            Компания коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Дәрігерлер бірнеше рет халықты ерікті вакцинациялау жөнінде бөлімше ұжымдарымен кездесулер өткізіп, ұжымдық иммунитетке вакцинация алу қажеттілігі туралы егжей-тегжейлі түсіндірді.

Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде біздің компания қала бойынша алғашқылардың бірі болып кәсіпорында энергетиктерді егу рәсімі үшін медиктердің мобильді бригадасын ұйымдастырды. Барлығы 1090 жұмыскердің 900-ден астамы егілді. 2021 жылғы сәуір-шілде аралығында ұжымдық екпе егу бойынша 6 іс-шара өткізілді.

№5 қалалық емхананың директоры Табулдина Алтыншаш Жумашевнаға және «Салауатты Астана» ЖШС Бас директоры Ишбаева Лейла Азатбековнаға   дәрігерлер бригадасының жедел шығуына көрсеткен қолдауы үшін алғысымызды білдіреміз.  

Жоғары кәсібилігі, өз лауазымдық міндеттерін адал атқарып, тілектестік қарым-қатынасы үшін келесі жандарға ерекше алғыс білдіргіміз келеді:   

  •  5 қалалық емхананың көшпелі егу бригадасына:  
  1. директордың балалар және босандыру жөніндегі орынбасары Инякина Ольга Андреевна,  
  2. күндізгі стационардың терапевт дәрігері Избасарова Ирина Анатольевна,   
  3. эпидемиолог дәрігердің көмекшісі Молдахметова Лаззат Атығайқызы,  
  4. медбике-тіркеуші Жуманова Элеонора Қанатқызы,
  5. медбике-тіркеуші Нурекина Аяулым Сейтқамалқызы,
  6. медбике-тіркеуші Османова Венера Ильясқызы,
  7. егу медбикесі Токишева Махаббат Бакытаевна,
  8. егу медбикесі Сарсенова Маржан Кабдрахмановна,
  •   «Салауатты Астана» ЖШС көшпелі егу бригадасына:
  1. дәрігер Есельбаева Майкамал Достаевна,
  2. дәрігер Суинжанова Гульнур Кикбаевна, 
  3. дәрігер Кәдір Арайлым Абеновна, 
  4. егу медбикесі Разиева Сахинур.

 

Барлық медицина қызметкерлеріне игілікті еңбекте табыс, зор денсаулық және отбастарына амандық тілейміз!