Бұл жұмыстар қаланы сенімді және үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында физикалық тозған жабдықтарды ауыстыру қажеттілігінен туындады.
Құрамында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы Б.А. Танабергенов, Табиғи монополияларды және бағаларды реттеу бөлімінің басшысы Е.С. Сагиддинов, Талдау және ұйымдастыру жұмыс бөлімінің басшысы А.У. Тынымбаева, «Спутник» ақпараттық агенттігінің редакторы А.Г. Ташимова, сондай-ақ тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінен, «Nur Otan» партиясының жұмыс тобы мен тәуелсіз сарапшылардан құралған топ аталған электр энергетикалық нысандарға бақылау жұмыстарын жүргізді: Тәуелсіздік даңғылы, «Көктал» тұрғын алабы, Тілендиев даңғылы, «Ильинка» ТА, Домалақ ана көшесі.
Еске сала кетейік, инвестициялық бағдарлама бойынша электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін (ЭКЕАЖ) енгізудің ауқымды бағдарламасы іске асырылды.
#NurOtanEsil
https://www.facebook.com/photo?fbid=594785728560206&set=pcb.594785918560187