Оқу-жаттығу барысында екі оқу орнында практикалық іс-шаралар пысықталды. Индустриалды парк ауданында инженерлік техниканың дайындығын байқау және сапқа тұру өтті. Теміржол платформаларына инженерлік техниканы тиеуді пысықтау 39-айналма жолда жүргізілді.
Техниканы тиеу кезінде біздің қызметкерлер қалалық ТЖД мамандары жоғары бағалаған үйлесімді және сауатты іс-әрекеттерді көрсете білді. Практикалық іс-шараларға қатысқаны үшін механизация және көлік қызметі мен күрделі құрылыс бөліміндегі әріптестеріміз құрмет грамоталарымен марапатталады.