Есепке алу құралының техникалық қорытындысына сәйкес баспа тақтасында зауыттық емес дәнекерлеу анықталды, өлшеу тізбектерінің резисторын санкцияланбаған ауыстыру жүргізілген, ол есепке алу құралының өлшеу тізбектеріндегі кедергінің өзгеруіне әкеледі, бұл өз кезегінде тұтынылған электр энергиясын дұрыс есепке алмауға әкелген.
Аталған дерек бойынша ЭЭПҚ бұзу туралы акт жасалып, тұтынушыға 7 704 кВт*сағ мөлшерінде ұсынылды.
Осыған байланысты, «Астана-АЭК» АҚ Электр энергиясын пайдалану қағидаларын бұзбау үшін электр энергиясы көлемін заңсыз тұтынуға жол бермеу керектігін ескертеді.