«Астана-АЭК» АҚ электр энергиясының көлемін тұтыну коммерциялық есепке алу құралының көрсеткіштеріне сәйкес шарттық негізде жүргізілуі тиіс екенін хабарлайды!

01 октября 2021


          Қоғам қызметкерлері Электр энергиясын пайдалану қағидаларын бұзуды үнемі анықтап отырады.

          Атап айтқанда, 2021 жылғы 09 қыркүйекте «Астана-АЭК» АҚ қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласы Т.Жүргенов көшесі бойынша заңды тұлғаның есепке алу құралының қосылу схемасын жоспарлы тексеру барысында электр энергиясын коммерциялық есепке алу құралынан тыс электр энергиясының ток қабылдағыштарының қосылғанын анықтады.
Тұтынушыға Электр энергиясын пайдалану қағидаларын бұзу туралы акт жасалды және соңғы жылы 26 268 кВт*сағ көлемінде нақты қосылған жүктеме бойынша электр энергиясының көлеміне қайта есептеу жүргізілді. 
          «Астана-АЭК» АҚ Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында көзделген бұзушылықтарды болдырмау үшін электр энергиясы көлемін заңсыз тұтынуға жол бермеу туралы хабарлайды және ескертеді.