Владимир Иванович еңбек жолын 1966 жылы «Целинэнергода» слесарь болып бастап, инженер, аға шебер, бастық, бас инженер болып еңбек етіп, 2016 жылы кеңесші болып аяқтады.
Әріптестері бір ауыздан Владимир Иванович туралы энергетиктердің бірнеше буынын тәрбиелеген білікті маман ретінде, сонымен қатар сенімді жолдас ретінде айтады.
Владимир Иванович өзінің көп сөйлемейтіндігіменжәне қарапайымдылығымен ерекшеленетін. Кәсіпорында ұзақ жылдар бойы еңбек еткеніне қарамастан, оның фотосуретін табу оңай емес. Владимир Ивановичтің еңбек жолы-туған кәсіпорынға деген адалдықтың, еңбекқорлықтың және әрбір қызметкерге деген құрмет көрсетудің жарқын мысалы болмақ.
Жоғары кәсіби біліктілігіжәне Қазақстанның энергетика саласындағы көпжылғы еңбегі үшін Зимин Владимир Ивановичке «Қазақстанның еңбек сіңірген энергетигі» атағы берілді. Владимир Иванович кәсіпорын басшылығыменбірнеше рет ынталандырылып, қала әкімдігінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарына ие.
Владимир Ивановичтің тікелей қатысуымен бірнеше шақырым электр беру желілері, ондаған трансформаторлық шағын станциялар салынды, электрмен жабдықтау желілерін қайта құру және жаңғырту орындалды.
Көп жағдайда Владимир Ивановичтің әрдайым бөлісуге дайын тұратын үлкен тәжірибесі, кәсіби біліктілігі және адами қасиеттерінің арқасында елорданың электр желілері тұрақты және сенімді жұмыс істейді.
Зимин Владимир Иванович еңбек әулетінің негізін қалаушы болып табылады. Қалалық электр желісінде оның ағасы мен жұбайы жұмыс істеген, ал қазір шағын станция қызметінде оның қызы мен немересі жұмыс істейді.
«Астана-АЭК» АҚ ұжымы Владимир Ивановичке шын жүректен ұзақ өмір, отбасына амандық тілей отырып,жүзіңіз жарқын,
мерейіңіз үстем болсын демекші!