Нұр-Сұлтан қаласында қабылданған күшейтілген карантиндік шаралар аясында біздің компанияның қызметкерлері 2020-2021 жж. жылыту маусымының өтуіне электр желілерін дайындау бойынша жөндеу бағдарламасын толық көлемде орындауда. 2020 жылғы 30 шілдеге қарасты электр жабдықтарын күрделі жөндеу 67% орындалды. Электр жабдықтарына техникалық қызмет көрсету 66% орындалды,оның ішінде 220/110 кВ әуе желілері бойынша жұмыстар толығымен аяқталды. Шағын станциялардың және кәсіпорынның басқа ғимараттарының құрылыс бөлігіне ағымдағы жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Барлығы жөндеу бағдарламасы 60% орындалды.
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! «Астана-АЭК» АҚ электр энергиясын беруді тоқтатуға байланысты жұмыстардың орындалуын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік мәдени-тұрмыстық объектілермен, сондай-ақ көп пәтерлі тұрғын үйлердің басқарушы компанияларымен және өндірістік мақсаттағы объектілермен алдын ала келіседі.
Желідегі жоспарланған жұмыстар туралы ақпарат компанияның ресми сайтында www.astrec.kz , facebook әлеуметтік желісінде орналастырылады, сондай-ақ iKomek (109) бірыңғай анықтамалық қызметіне жіберіледі.
Осындай қиын кезеңде электр энергиясын өшіруге байланысты белгілі бір қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз, өйткені жөндеудің барлық түрлерін тек жылытуаралық кезеңінде ғана жүргізуге болады.
Біздің жазғы жөндеу кампаниясының мақсаты-желідегі штаттан тыс жағдайлардың алдын алу мен күзгі-қысқы кезеңде және электр желілері максималды жүктемені бастан кешіретін басқа да қолайсыз ауа-райы жағдайында электр қондырғыларының сенімді жұмысын қамтамасыз ету болып табылады.