Тынымсыз жұмыс істеу

03 августа 2020

«Қауіпсіздікті сақтау, ең алдымен, қызметкерлердің ғана емес, айналадағы қозғалысқа қатысушылардың да– бұл жаяу жүргіншілер, автомобильдердіңқауіпсіздігін сақтау.Жұмыс істеген кезде ешкім де зардап шекпеуі тиіс. Қазіргі жаңартылған техникамен жұмыс істеу, әрине әлдеқайда жеңіл және жылдам, күніне 300 метрге дейін желіні ауыстыра аламыз. Бригада үйлесімді жұмыс істейді, қасымда білікті және еңбекқор жандар жиналған», - дейді мақтанышпен біздің компанияда 23 жыл жұмыс істейтін,   жұмыс өндіруші Серікбай Байтенов.

Серікбай өзінің энергетика мамандығын жақсы көреді. Тіпті  балалары мен жиендеріне оның жолын қууға  кеңес береді.Ұжымда ол туралы өте жауапты, ұқыпты, мейірімді, жанашыр, еңбекқор екенін құрметпен айтады. Жастардың тәлімгері болып табылады, оларға әрдайым ақыл-кеңесін айтып, жұмыс барысында қол ұшын береді.  Оған әрдайым сенім артуға болады,ұятқа қалдырмайды,  өз жұмысын жақсы біледі. Серікбай «Астана-АЭК» АҚ-ғы барлық әріптестерін 40 жылдық мерейтоймен шын жүректен құттықтайды және қызығы мен шыжығы қатар жүретін  салақызметкерлерінің еңбегіне табыс, дендеріне саулық, отбастарына амандық тілейді.