Новости

14 ноября 2023
Мақсаты – тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріндегі ықтимал өртті жоюға дайындық.
11 ноября 2023
Энергияны үнемдеу: Болашаққа инвестиция. Әлемде экономика мен халық санының өсуіне байланысты энергияға деген қажеттілік күрт артып келеді. Қазақстанда өздерінің стратегиялық даму жоспарына назар аудара отырып, энергия тұтынуды азайтуға тырысуда. Энергия шығынын азайту қоршаған ортаға жүктемені азайтып қана қоймай, болашақ ұрпаққа пайда әкелері хақ.
01 ноября 2023
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің- @kazatu.official 1 және 4 курс студенттері біздің кәсіпорынға келді. Бірінші кезекте университет студенттеріне кіріспе нұсқама өткізілді, содан кейін біз диспетчерлік қызметтерге барып, «Новая» шағын станциясындағы экскурсиямызды аяқтадық, онда болашақ энергетиктерге кәсіпорын жұмысының сызбасы көрнекі түрде көрсетілді және біздің қызметімізді таныстыру мақсатында тәжірибе және біліммен бөлісті.
25 октября 2023
Республика күнін мерекелеу аясында ресми іс-шарада Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек тәуелсіздік жолында табандылық танытқан компанияның еңбегі сіңген энергетикіне марапат табыс етті. "Еңбек Даңқы" төсбелгісімен Рейдер Элионора Владимировна 220/110 кВ СПС қосалқы станцияларына қызмет көрсету жөніндегі электромонтер марапатталды.
12 октября 2023
Сапар техникалық жабдықтармен және электр энергиясын беру процестерімен танысудан басталды. Депутаттар компанияның қуаты мен жұмыс қарқыны, сондай-ақ энергетикалық тиімділікті жетілдіруге бағытталған күш-жігері туралы толық ақпарат алды.
10 октября 2023
Құрметті әріптестер! Қазақстанның кәсіподақтар күні құтты болсын! Біз 2016 жылдың сәуір айында басталған «Астана-АЭК» АҚ қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының даму жолын мақтанышпен атап өтеміз. Біздің кәсіподақ энергетика саласындағы жұмысшылардың мүдделерін сенімді қорғаушы болып отыр. Осы жылдар ішінде біз көптеген жетістіктерге қол жеткіздік,  солардың бірі-бүгінде Қоғамның әрбір қызметкері кәсіподақ мүшесі болып табылады. Бұл біздің жұмысшыларымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал ететін бірлігіміз бен ынтымақтастығымыздың дәлелі.  Бізде жағымды жаңалықтар да баршылық: өткен жылдан бастап мүшелік жарналардың арқасында әріптестеріміз санаторийге тегін жолдама алуға мүмкіндік алды. Бұл біздің кәсіподақ мүшелерінің денсаулығы мен әл-ауқатын қолдаудағы маңызды қадам болмақ. 
05 октября 2023
Құрметті тұтынушылар! «Астана-АЭК» АҚ бизнестің ашықтығын арттыру мақсатында өзінің қызметінде компанияның тұтынушылары, акционерлері, серіктестері және қызметкерлерінің мүддесін сыбайлас жемқорлыққа байланысты қауіптен қорғау басымдығын ұстанады. 
29 сентября 2023
Бүгін «Астана-АЭК» АҚ-да ерекше мейірімділік пен құрмет атмосферасы орын алды. Көп жылғы дәстүр бойынша Халықаралық қарттар күніне орай кәсіподақпен бірлесіп ұйымдастырылған іс-шараға құрметті ардагерлерімізді құшақ жая қарсы алдық.
27 сентября 2023
Біздің елде қыркүйек айында Қазақстан халықтары тілдерінің мерекесі атап өтіледі. Тілдер мерекесіне арналған еліміздегі іс-шаралар қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орайластырылып өткізілуде. Астана қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы осыған орай 27 қыркүйекте елорда кәсіпорындарының арасында көпұлтты елдің тұтастығын сақтау, қазақ тілін дамыту және тарату, ұлттық мәдениет пен дәстүрлеріне құрметпен қарауды қалыптастыруға бағытталған QUIZ интеллектуалды сайысын өткізді.
24 сентября 2023
Қыркүйек айының соңғы жексенбісінде Қазақстанда республика Президентінің Жарлығымен 2013 жылдың қараша айында белгіленген Еңбек күні атап өтіледі.