«Астана-Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ 2024 жылғы 18 қыркүйектен бастап «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер, атап айтқанда, 309-1-бапқа келесі мазмұндағы өзгерістер қолданысқа енгізілетінін хабарлайды:
Электр желілеріне өз бетінше қосылу.
1. Электр желілеріне өз бетінше қосылу – жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – жеке тұлғаларға – бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Осыған байланысты энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне өз бетінше қосылған тұтынушылар анықталған кезде «Астана-АЭК» АҚ әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін материалдарды уәкілетті органға жіберу бойынша тиісті шаралар қабылдайтынын хабарлаймыз.