“Астана-АЭК” АҚ-да білім күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Биылғы жылы қызметкерлердің 90 баласы алғаш рет мектепке барады. Кәсіподақ бұл күнді ерекше етіп, сыйлықтар дайындап, мереке ұйымдастырды. Басқарма төрағасы Руслан Абжанов жас оқушылар мен олардың ата-аналарын құттықтады.
Сондай-ақ, біз “Қазақстандық салалық энергетиктер кәсіподағы” ҚБ атқарушы комитетінің ұйымдастыруымен өткен балалар суреттері байқауында жеңіске жеткен қызметкерлердің балаларын мақтан тұтамыз, онда олар үш жүлделі орынға ие болды. Мерекеде музыкалық қойылымдар қойылып, Чебурашкамен бірге анимациялық шоу көрсетілді.
Компания қызметкерлері “Amanat” партиясымен бірлесіп жыл сайын “Мектепке жол”акциясын қолдайды.
Биыл әлеуметтік осал отбасылардан шыққан бірінші сынып оқушыларына қажетті керек-жарақтары бар рюкзактар табысталды.
Барлық бірінші сынып оқушыларына жаңа жетістіктер тілейміз, білім әлеміне басқан қадамдары сәтті болсын! ????✨