«Астана-АЭК» АҚ 2022 жылдың бірінші шілдесінен бастап көп пәтерлі тұрғын үй қоры (КТҚ) бойынша қосымша функцияларды орындауды бастады:
- КТҚ электр энергиясын есепке алу құралдарының көрсеткіштерін ай сайын алу (есепке алу құралы пәтерде орнатылған жағдайда, техникалық жай-күйін тексеру үшін бақылаушыны кіргізу қажет). Айдың 10-күнінен бастап соңына дейін есепке алу құралдарының көрсеткіштерін беру арқылы тұтынушының өзіне-өзі қызмет көрсетуіне жол беріледі.
- Есептік айдағы электр энергиясының көлемімен тізілімді қалыптастыру және көрсетілген қызметтер үшін КТҚ есептеу үшін энергиямен жабдықтаушы ұйымға мәліметтерді беру.
- КТҚ және кондоминиум объектілерінде электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін пломбалау.
- КТҚ-да электр энергиясын есепке алудың дұрыстығын тексеру, ұрлауды және шартсыз пайдалануды анықтау.
- КТҚ тұтынушыларымен, жеке сектормен және заңды тұлғалармен энергиямен жабдықтау шартын жасасу үшін құжаттарды жинау және оларды энергиямен жабдықтаушы ұйымға беру.
- КТҚ тұтынушыларын дебиторлық берешек үшін желілерден ажырату/қосу. Тұтынушы тұтынылған электр энергиясы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сараланған есепке алу жүйелері бойынша төлемді уақтылы жүргізуі қажет.
Жоғарыда аталған функцияларды бұрын энергиямен жабдықтаушы ұйым «Астанаэнергосбыт» ЖШС жүзеге асырғанын атап өткен жөн. «Астана-АЭК» АҚ жоғарыда айтылған функциялардың кезең-кезеңмен ауысуы кезінде «Астанаэнергосбыт» ЖШС-мен өзара іс-қимылды жалғастырады: 1 шілдеден бастап Есіл ауданы, 1 тамыздан Сарыарқа ауданы, 1 қыркүйектен бастап Алматы ауданы, 1 қазаннан Байқоңыр ауданы.
Біздің компания тұтынушылармен үздіксіз өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету үшін әрдайым есепке алу құралдарының көрсеткіштерін берудің әртүрлі тәсілдерін ұйымдастырады және қолданысқа енгізеді. Электр энергиясын есепке алу құралдарының көрсеткіштерін:
- Call-орталық: 643-407, 643-408.
- Сайт: SKPE.ASTREC.KZ (көрсеткіштерді беру үшін тұтынушы біздің мамандарға хабарласып, тіркеу жүргізу қажет)
- WhatsApp-бот: 8 771 083 77 94,
- Telegram‐бот: AstanaREC_bot арқылы беруге болады.
Сондай-ақ, «Астана-АЭК» АҚ тұтынушыларға қызмет көрсету және қабылдау үшін Абай даңғылы, 80-үй мекенжайы бойынша білікті мамандар штатымен фронт-кеңсе ашқанын хабарлаймыз, онда қызмет көрсету мәселелері бойынша кеңес алуға болады.
Құрметті елорда тұрғындары! «Астана-АЭК» АҚ елорда тұрғындары мен жұртшылық тарапынан сенімді нығайту үшін көрсетілетін қызмет сапасына ерекше назар аударады. Барлық туындаған сауалдар бойынша бізге хабарласуға болады! Барлық қажетті телефон нөмірлері біздің сайтта байланыс бөлімінде бар. Сондай-ақ, facebook және instagram әлеуметтік желілері арқылы байланысуға болады.