Құрметті елорда тұрғындары! Бүгін Сіздерді «Астана-АЭК» АҚ өткізу қызметімен таныстырғымыз келеді.

13 ноября 2024

Құрметті елорда тұрғындары! Бүгін Сіздерді «Астана-АЭК» АҚ өткізу қызметімен таныстырғымыз келеді.

Күн сайын сағат 08:30-да планеркадан басталады. Қызмет басшысы міндеттер қояды, бөлімдердің қызметін үйлестіреді және алға қойылған мақсаттардың тиімді орындалуын қамтамасыз етеді.

Барлығы құжаттарды жинау бөлімінен басталады. Инженерлер мен операторлар электрмен жабдықтау шартын жасасу үшін құжаттардың сапалы және уақтылы жиналуын қамтамасыз етеді.

Заңды және жеке тұлғалармен жұмыс жөніндегі бөлімдер. Күн сайын тұтынылған электр энергиясының есептеулерін жүргізеді, есептеулерді талдайды, қайта есептеулер жүргізеді және сот процестеріне қатысады.

Біздің Сall орталық 08:30-дан 18:00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді. Басты мақсат-сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету және есепке алу құралдарының көрсеткіштерін қабылдау. Көрсеткіштер ай сайын қабылданады, ал жүйе бір уақытта 300 тұтынушыға қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Тұтынушылардың өтініштері бойынша бөлім кіріс хаттар мен өтініштерді талдайды, тиісті бөлімшелерге сауалдар жолдайды және жауаптар дайындайды. Біздің мамандар жан-жақты қарап, білікті жауаптарды қамтамасыз етеді.

«Астана-АЭК» АҚ өткізу қызметі - елордалық тұтынушыларға жедел және сапалы қызмет көрсетеді.

Құрметті елорда тұрғындары! Егер сіздерде қандай да бір сауалдар туындаса, Иманова 11, Домалақ ана көшесі 9 және Сауран 7б мекенжайларына хабарласуларыңызға болады.