Әкімшілік істі қарау барысында «Ақмола АЭҮК» қызметкерімен ӘЖ-110 кВ «АТЭЦ-2-Сороковая» күзет аймағында тексеру нәтижесінде, №10-11 тіреуіштер алаңында құм төгу және осы аумақтың профильді парағы бар қоршаулар табылды, бұл 2017 жылғы 28 қыркүйектегі №330 Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарынын белгілеу қағидаларының 11,20 тармақтарын бұзу болып табылады.
Осыған байланысты Департамент , ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 802-бабының 2-бөлігін басшылыққа ала отырып, «Rongshun Astana Building Moterials co. Ltd» ЖШС-не қатысты Кодекстің 305-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Электр желілерінің жауапты ұйымның келісімінсіз учаскелерді, электр желілерінің күзет аймақтарын орналастыруға байланысты жер жұмыстары. Компанияның заңды өкілі бұл құқық бұзушылықпен келісті, осыған байланысты әкімшілік іс жеңілдетілген тәртіпте қаралды. Айыппұл төленді.
Департамент барлық жеке және заңды тұлғаларға электр желілері жанында қазба және құрылыс-монтаждық жұмыс жасаған кезде Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын және Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын сақтау керектігін ескертеді.