Кәсіподақ күнін мерекелеу аясында спорттық іс-шаралар өткізілді.

12 октября 2022

Әріптесіміз «Астана-АЭК» АҚ Алматы АЭЖ шебері Азамат Чиликбаевты шахматтан онлайн-турнирдегі жеңісімен құттықтаймыз. Оған елорданың және еліміздің басқа да облыстарының 9 кәсіпорнынан энергетика саласының 35 кәсіподақ қызметкері қатысты. Қазэнергокәсіподақ өткізетін мұндай турнирлер жақсы дәстүрге айналды. Екінші жүлделі орынды Петропавл АЭК және үшінші орынды Көкшетау-Энергоның энергетигі иеленді.
«Астана-АЭК» АҚ қызметкерлері үшін компания кәсіподағы жыл сайын спорттық эстафета өткізеді. Биыл 6 адамнан тұратын 5 команда қатысты. Онда қатысушылардың іс-әрекеттерінің үйлесімділігіне және өзара көмегіне байланысты болатын тапсырмаларды орындау қажет болды. Жеңімпаздарды төрешілер алқасы тапсырмаларды орындау жылдамдығы, дәлдігі және сапасы бойынша анықтады. Үш жүлделі орынға ие болған командалар Мечта дүкенінің сертификаттарымен марапатталды. Қалған қатысушыларға сыйлықтар табысталды.
Кәсіподақ қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Жаңа идеялар мен қызықты жобалар сәтті жүзеге асырылсын! Кәсіподақ ұйымы нығая берсін!