«Шам жанған кезде, бөлмеде жарық күн пайда болғандай болды. Сонда мен электрик боламын деген шешім қабылдады! Адамдарға жарық сыйлаймын!», міне 12 жасар балаға туған ауылында электр қуатының пайда болуы осындай жарқын әсер қалдырды. Осы уақытқа дейін Витнин Виктор Иванович бұл сәтті егжей-тегжейлі еске алады. Тың игеру жылдары, энергетиканың қалайша ақырындап дами бастағаны есінде. Бірде олардың ауылына «Мехколонна–56» келіп, көшені бойлай қысқа қазық қағады. Ол өз қолымен үйінің жанындағы тіреуге шұңқырды қол балтамен қалай ойғанын есіне алады. Мехколонналықтардың ауылдың барлық төрт көшесінің бойында дизель генераторларын орнатқанын бүкіл ауыл бақылаған. Міне үйлерде жарық пайда болған күн де келіп жетті. Керосин шамының жылтылымен сабаққа дайындалуға дағдыланған кішкентай Витя, барлық ауыл тұрғындары сияқты, техниканың жаңа кереметіне үйрене бастады. Мектепті бітіргесін, 7 жылдан кейін Виктор Иванович Целиноградқа келіп, ауыл шаруашылығы институтының электрофагына оқуға түседі. Ауыл баласының арманы орындала бастады. Ол электр энергиясының қайдан алынатыны және әр үйге қалай жететінін білетін білікті маман болды. Содан кейін үйленіп,әскерге барды... Бірақ содан бері Виктор Иванович өзі таңдаған жолдан тайқыған емес.
«Мені әскерде болған Украинада алып қалғылары келді. Бірақ мен жоқ, Целиноградқа барамын дедім. 1972 жылы оралғаннан кейін «ЦелинЭнергоға» жұмысқа орналастым. Егер жобалау институтында жұмыс істеген 4 жылды санамаса, энергетикада 45 жыл еңбек еттім. Бірақ сосын қайтып келдім, өйткені әрқашан үлкен энергетика қызықтыратын».
Виктор Ивановичтің еңбек жолы аймақтағы ең ірі кәсіпорындардың бірі – «ЦелинЭнергода» басталды. Кәсіпорында өзінің жобалау бөлімі болды, ол кейіннен жобалау бюросына айналды. Өйткені «ЦелинЭнерго» ірі кәсіпорны үш облыстың: Ақмола, Көкшетау және Солтүстік Қазақстан облыстарының энергия объектілерін басқарды. Оған өзінің сауатты жобалаушыларының болғаны өте қажет болды. Жоба бюросында 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеген Виктор Иванович осындай адам болды. Үлкен ел құлағаннан кейін, коммуналдық ұйымдар бірінен соң бірі ыдырай бастады. Бірақ жоғары білікті маман жұмыссыз қалмады. Оны сол қиын уақытта аяғынан тұрып кетіп қана қоймай, ұлғая бастаған «Қалалық электр желісі» кәсіпорнына жұмыс істеуге шақырды. Бұл кәсіпорында Виктор Иванович жауапты және күрделі учаскелердің бірі - өндірістік-техникалық қызметті басқарды. Ол басқа бөлімшелердің жұмысын үйлестіріп, күрделі жөндеу жоспарларының орындалуына, желілерге техникалық қызмет көрсетуге жауап берді.
Елорданың көшіп келуі энергетиктер үшін төзімділік пен кәсіби жарамдылықты тексеру үшін нағыз емтихан болды. Кеше ғана «Заречный» совхозының даласы мен бақшалары болған жерде қысқа мерзім ішінде жаңа әкімшілік орталық: Ақорда, Үкімет, Парламент, Жоғарғы сот ғимараттары, Министрліктер Үйі пайда болды. Жаңа сенімді электр желілер қажет болды. Сондықтан тәулік бойы және демалыссыз жұмыс істедік, - деп еске алады Виктор Иванович.
«Қалалық саябақта, стадионда біздер 3 немесе 4-шағын станцияны іске қостық. Ақорда үшін шұғыл шағын станцияға қайта жаңарту жүргіздік. Екі тізбекті жаңа тіреулер салдық. Осы қысқа мерзім ішінде қолымыздан келгеннің бәрін жасадық. Күн-түн демей еңбек еттік. Үйге кірмей жатып, жұмысқа қайта шақыратын. Сол кездегі менің міндетім – техникалық бақылау, қадағалау болатын. Мен желіні қайдан салу керек, электр қуатын қайда беру керек, қай жерде сенімдірек деген сауалдарға жауап беретін техникалық шарттармен де айналыстым».
Виктор Иванович жаңадан құрылған елордада жер қазу жұмыстарының салдарынан маңызды іс-шараның энергия қуатынсыз қалғанын күлімсіреп еске алады. Бірақ ол кезде күлуге мұрша болмағанын мойындайды.
«Президенттің қатысуымен палаталардың алғашқы бірлескен отырысы өтуде. Сол уақытта жарық өшіп қалсын. Бір шетелдік компания құрылыс жұмыстарын жүргізіп, кабельді зақымдаған. Мұнда не басталғанын көрсеңіз! Біз 10-20 минуттың ішінде бәрін қалпына келтірдік. Содан бері барлық ірі маңызды оқиғалардың алдында барлық жер жұмыстарын тоқтата тұру туралы бір-екі күн бұрын хат жолдаймыз. Трассаның бойына адамдарды шығарамыз. Қазір тіпті қауіпсіздік қызметі де бар, барлығы ұсақ-түйекке дейін пысықталған! Ең жоғары деңгейдегі қаншама ірі халықаралық іс-шараларды: ЕҚЫҰ Саммиті, ЭКСПО, съездер, кездесулерді іркіліссіз өткіздік».
Өндірістік-техникалық қызметті басқара отырып, Виктор Иванович зейнеткерлікке шыққанға дейін осы лауазымда еңбек етті. Бірақ құрметті демалысқа шыққаннан кейін де тәжірибелі энергетик туған кәсіпорнының игілігі үшін жұмыс істеді. Бас инженердің орынбасары және жобалаушының мол тәжірибесіне ие бола отырып, ол астананың бас жоспары бойынша барлық мәжілістерге, талқылауларға, есептеулерге, жобаларды келісуге қатысты.
Витнинді әріптестері өзара «физик те, лирик те» деп атайды. Оның өзі егер мына шам болмаса, мұғалім болар ма едім деп мойындайды. Бірақ энергетикада Виктор Иванович өзінің поэтикалық қабілеттерін қолдана білді. Маңызды оқиғалар, мерекелер мен мерейтойларға өлең жолдарын арнай отырып, ол өзінің қиын мамандығының романтикасын – жарық беретін адамдардың кәсібін мадақтауға тырысты!
… У нас с тобой профессия обычная
Мы просто энергетики навек.
У нас подобрана отличная
Компания с названием «АстРЭК».
И просится в просторы лебединые
Серебряная музыка страны.
Судьба у энергетиков единая –
Единая с судьбой страны.
Құрметті Виктор Иванович!
Сізді мерейлі жасыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Өміріңізге барша жарық дүние шапағатын, зор денсаулық, баянды бақыт, мейірім мен қуаныш, жанұяңызға амандық пен саулық, құт-береке тілейміз!
«Астана-АЭК» АҚ ұжымы.Ф