«Астана-АЭК» АҚ негізгі міндеті электр шағын станциялардан Нұр-Сұлтан қаласының тұтынушыларына электр энергиясын беру және тарату болып табылады.
Бүгінгі күні өндірістік қуаты 6 696,105 МВА құрайды, ал қызмет көрсету көлемі:
- 220 кВт 3-шағын станцияны;
- кернеуі 110 кВ 29-шағын станцияны;
- кернеуі 20/10/0,4 кВ 1 528-үлестіру пункі мен трансформаторлық шағын станцияларды;
- кернеуі 0,4-тен 220 кВ-ға дейін шамамен 5 600 км электр беру желілерін қамтиды, оның ішінде әуе желілері 1 200 км және кабельді желілер 4 200 км құрайды (80 % жуық!).
Компания заманауи диспетчерлік-технологиялық басқару құралдарымен, арнайы машиналар паркімен, жылжымалы дизельді электр станциялармен жабдықталған. Өндірістік қызметтердің иелігінде заманауи стационарлық және мобильді зертханалар бар.
«Астана-АЭК» – бұл тек заманауи жабдықтар мен жаңа технологиялар ғана емес. Бірінші кезекте бұл кәсіпорынның ұйымшыл ұжымын құрайтын 1373 жұмыскер. Құрылыс қарқыны мен қала тұрғындарының өмір сүру сапасының артуы жыл сайын электр жүктемесінің өсуіне әкелуде. Осыған байланысты, елордалық энергетиктер қаланың энергожүйесінің сенімді және тиімді жұмысын ойдағыдай ұйымдастыруда.
Пайдаланудың дәстүрлі тәсілдерін қолдану, көп жылдық тәжірибе, озық ақпараттық технологияларды енгізу – бұл елорда тұтынушыларын сенімді және сапалы электрмен жабдықтауда «Астана-АЭК» АҚ-ның негізгі критерийлері болып табылады!