1989 жылы АҚШ пен Канада кәсіподақтары мен жұмыскерлері «Қайтыс болған жұмысшыларды еске алу күнін» өткізді. Он жылдан кейін әлемнің 100-ден астам мемлекетінде адамдар мен шенеуніктердің назарын еңбекті қорғауға байланысты түрлі мәселелерге аударуға бағытталған акциялар мен іс-шаралар өткізіледі.
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні алғаш рет 2003 жылы Халықаралық еңбек ұйымының бастамасымен атап өтілді. Ресми осы күнді белгілеп, мәселенің ауқымына көңіл аудару, өндірістегі жазатайым оқиғалар мен ауру-сырқаулықтың алдын алуға жәрдемдесу мақсаты көзделді. Қазақстанда 2005 жылдан бастап тойлана бастады.
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні – еңбекті қорғау жөніндегі мамандардың халықаралық кәсіби мерекесі. Оны қауіпсіздік ережелерінің сақталуын бақылау жөніндегі мамандар атап өтеді.
Қызмет бабына қарай энергетиктерге күн сайын жоғары кернеумен жұмыс істеуге тура келеді. Бұл адамдар біздің үйлерімізде жарық пен жылу болуы үшін күн сайын басын қауіпке тігеді. Сондықтан энергетикалық кәсіпорында пайдалану сенімділігі мен қауіпсіздік техникасы қызметінің маңыздылығы мен қажеттілігін асыра бағаламау қиын.
Қызмет мамандары еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасына көп көңіл бөледі, бұл жұмыскерлер арасында жарақат пен аурудың азаюына әкелуде.
Еңбекті қорғауға жауапты барлық мамандарды кәсіби мерекемен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, бақыт, отбасына амандық, жауапты жұмыста жаңа шығармашылық табыстар мен жетістіктер тілейміз!