Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустық инфекцияның (Омикрон) өршуіне байланысты «Астана-АЭК» АҚ электр энергиясын есепке алу құралдарының көрсеткіштерін алуды жүзеге асыратын желілік персоналдың тапшылығын бастан кешірді. Сондықтан, 2021 жылдың желтоқсанында қаланың кейбір аудандарының жеке сектор объектілері бойынша нақты көрсеткіштерді алу мүмкін болмады. Мұндай абоненттер бойынша Электр энергиясын пайдалану қағидаларының 64-тармағына сәйкес пайдаланылған электр энергиясы үшін есептеу алдыңғы есептік кезеңнің - 2021 жылғы қарашаның орташа тәуліктік шығыны бойынша жүргізілді.
2022 жылғы қаңтарда жеке сектор бойынша компания қызметкерлері кейбір жағдайларда 2021 жылғы желтоқсанда ұсынылған орташа тәуліктік шығыннан жоғары нақты көрсеткіштерді алған.
Осылайша, жеке тұрғын үй тұтынушылары өздерінің түбіртектерінде 2022 жылдың қаңтарында нақты электр энергиясын тұтыну үшін есептеулерді және 2021 жылдың желтоқсан айында ескерілмеген көлемді көрді.
Компанияға жүгінген барлық тұтынушыларға мамандар толық түсініктеме беруде. Атап айтқанда, 2022 жылғы 16 ақпанда «Астана-АЭК» АҚ-да Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Мақжанова Назгүл Сейітқожақызы және Үркер шағын ауданының тұрғындарымен тұтынылған электр энергиясының ұсынылған көлемі мәселелері бойынша кездесу болып өтті. Тұрғындарға қанағаттандырарлық, толық түсініктемелер берілді.
«Астана-АЭК» АҚ, компания қатаң түрде Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес әрекет ететінін хабарлайды. Тұтынушы мен энергия беруші ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастар ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №143 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясын пайдалану қағидаларымен реттеледі.
Жеке тұрғын үйлердің барлық тұтынушыларына электр энергиясының көлемін есептеу есепке алу құралының нақты көрсеткіштері бойынша және Электр энергиясын пайдалану қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
Естеріңізге сала кетейік, көп пәтерлі тұрғын үйлердің тұтынылған электр энергиясы үшін есептеулер мәселесі энергия өткізу компаниясының құзыретінде.
«Астана-АЭК» АҚ-ның заңды тұлғаларға және жеке секторға есептеулер бойынша байланыс тел.:
Электр энергиясын есептеу және есеп айырысу қызметі (көрсеткіштерді қабылдау және электр энергиясын есептеу бойынша кеңес беру):
- 620 462, 620 456 (дауыстық мәзір бойынша 1-ші ұстаным);
- жеке тұлғалар үшін – 620 423, 620 424, 620 425, 620 457 (ішкі 2506 және 2507), +7 771 083 77 93;
- заңды тұлғалар үшін – 620 417, 620 418, 620 419, 620 457 (ішкі 2508 және 2509), +7 771 083 77 92, +7 771 083 77 94.
Электр энергиясын тұтынуды бақылау қызметі (электр энергиясын есепке алу мәселелері, электр энергиясын есепке алу құралдарын пломбалау және пломбасын алу): 620 454, 620 456 (дауыстық мәзір бойынша 2-ші ұстаным).