Нұр-Сұлтан қаласының энергокешен кәсіпорындары мен коммуналдық ұйымдары арасында жыл сайынғы VI-спартакиада ашылды!
Спорт-бұл өмір! Мұндай спорттық кездесулер жыл сайын салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізіледі. Әр спартакиада еліміздің маңызды оқиғаларына орайластырылған. 2015 жылы алғашқы спорттық іс-шара қазақ хандығының 550 жылдығына арналса, одан әрі тәуелсіздік пен республикамыздың астанасының мерейтойлық күндеріне, EXPO өткізуге арналды. Биыл біз Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтеміз!
Жыл сайынғы спартакиаданың басталуымен қатысушыларды Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Қизатов Ермек Әнуарбекұлы құттықтады. Ол бүгінгі таңда мемлекетіміздің басты басымдықтарының бірі дені сау, физикалық дамыған ұрпақты тәрбиелеу болып табылатынын атап өтті. Спорт адамды: мақсаттылық, батылдық, командада жұмыс істей білу сияқты ең жақсы қасиеттерге тәрбиелейді. Бұл қасиеттер спортта ғана емес, кәсіби аренада да жеңіске жетуге көмектеседі. Ермек Әнуарбекұлы спартакиаданың барлық қатысушыларына сәттілік, дұрыс бәсекелестік және лайықты жеңістер тіледі.
Спартакиадаға 10 кәсіпорыннан 9 команда қатысады. Төрт команда жыл сайынғы кездесулердің тұрақты қатысушылары болып табылады. Ол «Астана-АЭК», «Астана-Энергия», «Астана-Теплотранзит» және «Астана Су Арнасы» командалары! «Astana» ӘКК, «Астана-көгалдандыру құрылысы», «Астана қалалық жарық», «Астана Тазалық» командалары бірнеше рет қатысты. Биыл алғаш рет «Alageum Electric» және «Өркен қала» командалары қатысуда.
Жарыс спорттың 8 түрінен өтеді: волейбол, футбол, үстел теннисі, дойбы, шахмат, тоғыз құмалақ, гір көтеру және бильярд. Сайыстар өтетін орын - «Астана-АЭК» АҚ спорт залы.
Мұндай іс-шаралар спортқа деген сүйіспеншілікті ғана емес, командалық рухты және қызметкерлердің бірлігін дамытады. Жарыс кезінде спорт алаңында достық пен серіктестік атмосферасы орнайды. Бірінші болып волейбол командалары жарысады. Одан әрі бір ай бойы спорттың басқа түрлері бойынша кездесулер өтеді. Әзірленген ережеге сәйкес қатысушылар құрамына тек кәсіпорын қызметкерлері ғана жіберіледі. Әр спорт түрі бойынша жарыстың ережелері мен шарттары келісілді. Әуесқой спортшыларды тәуелсіз төрешілер комиссиясы бағалайды. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттап, спартакиаданы аяқтау 2021 жылғы 14 желтоқсанға жоспарланып отыр.
Біздің қатысушыларға спартакиаданың барлық ойындарында сәттілік тілейміз!