Қазақстан құтқарушыларының  мерекесі құтты болсын! 

19 октября 2021

19 қазан азаматтық қорғау жүйесінің кәсіби мерекесі болып табылады.  

«Астана-АЭК» АҚ азаматтық қорғау іс-шараларын энергетикалық қамтамасыз ету, аса маңызды объектілердің тұрақты жұмысы және халықтың тіршілігін қамтамасыз ету үшін Нұр-Сұлтан қаласының энергетика қызметінің құрамына кіреді.

«Астана-АЭК» АҚ-да бірінші басшының бұйрығымен жыл сайын республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларға (Көктем, Қыс, Қорғау, Жер және т.б.) белсенді қатысатын азаматтық қорғаудың аумақтық құрамалары құрылған.

            А.ж. 21-22 қыркүйек аралығында «Астана-АЭК» АҚ «Жер-2021» Халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысты. Оқу-жаттығу барысында практикалық іс-шаралар пысықталды. Біздің қызметкерлер үйлесімді және сауатты іс-әрекеттерді көрсете білді, оны қалалық ТЖД мамандары  жоғары бағалады. Практикалық іс-шараларға қатысқаны үшін механизация және көлік қызметі мен күрделі құрылыс бөліміндегі әріптестеріміз астана қаласы әкімінің орынбасары және Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бастығының құрмет грамоталарымен марапатталды. 

            «Астана-АЭК» АҚ АҚ және ТЖ штабы «Астана-АЭК» АҚ азаматтық қорғау құралымдарының жеке құрамын кәсіби мерекелерімен құттықтайды! Сіздерге зор денсаулық, амандық және қажырлы еңбектеріңізге табыс тілейміз!