Даму қызметі - бұл кәсіпорын құрамындағы ең жас және қарқынды дамып келе жатқан қызметтердің бірі. Қызметтің міндетіне инвестициялық бағдарламаны әзірлеу, бекіту және іске асыру, құрылыс бөлігіне ағымдағы жөндеуді ұйымдастыру, кәсіпорынның қызмет көрсету аймағында электр желілерін перспективалық дамыту бойынша шараларды ұйымдастыру, бөгде ұйымдардан электрмен жабдықтау объектілерін қабылдау рәсімін ұйымдастыру кіреді.
Алғашқы күннен бастап қызмет ұжымы ауқымды жұмыстарды атқарып, басшылық қойған барлық міндеттерді орындады. Бұл болашақта бөлімшенің жемісті және табысты қызметі үшін берік іргетас қалауға мүмкіндік берді. Жұмыстың алғашқы күндерінде қызмет 4 бөлімнен және 2 сектордан тұрды, онда 36 адам еңбек етті. Қызмет құрылымы іс жүзінде өзгерген жоқ және бүгінгі күнге дейін оған: инвестициялық бағдарламаны іске асыру бөлімі; перспективалық даму бөлімі; күрделі құрылыс бөлімі; жөндеу-құрылыс учаскесі (күрделі құрылыс бөлімінің құрамында) кіреді. 2021 жылдың 4 мамырынан бастап энергообъектілерді қабылдау бөлімі өз қызметін бастады.
Қызмет штатына энергетика, құрылыс, жобалау және жоспарлау саласында үлкен тәжірибесі бар 34 жоғары білікті маман кіреді. Бөлімше қызметкерлерінің біліктілігіне әрқашан жоғары талаптар қойылады, өйткені оларға инвестициялық бағдарламаны әзірлеу және іске асыру бойынша жауапты жұмыс жүктелген.
Кәсіпорынның көптеген маңызды көрсеткіштері, мысалы, инженерлік желілер мен жабдықтардың тозуы, электр желілеріндегі шығындар осы бағдарламаны іске асыру нәтижелеріне байланысты. Бұл параметрлер халыққа көрсетілетін қызметтің сапасын анықтайды. Еліміздің бас қаласындағы жұмыс үлкен жауапкершілік жүктейді және даму қызметі жұмыста жоғары деңгейде болуға тырысады.
Өзінің негізгі міндеттерін орындаудан басқа, Даму қызметі қаладағы ірі авариялар мен ажыратулардың салдарын жоюға көмек қажет болған кезде шеттеп қалған емес. Бөлімше қызметкерлері өздерінің белсенді азаматтық ұстанымын көрсете отырып, ел мен қаланың әлеуметтік өміріне, экологиялық сенбіліктерге, қайырымдылық акцияларға белсене қатысады.
Бес жыл - Сіздердің алғашқы кішкентай мерейтойларыңыз! Сіздің жетістіктеріңіз бен жеңістеріңіз - бұл үлкен еңбектің және өз істеріңізге деген сүйіспеншіліктің жемісі! Алға қойған жоспарларыңыз міндетті түрде іске ассын!