Жұмыстарды жүргізу келісіліп, жер қазу жұмыстарына рұқсат берілген болатын. Алайда, траншеяны әзірлеуді бастар алдында жұмыс орнын дайындау үшін негізгі ұйымдастыру шаралары орындалмаған, оның ішінде қолданыстағы 10 кВ электр желілері орналасқан трассаның (шұңқырдың) учаскелерін бақылау мақсатымен ашу жүргізілмеген, ол ҚР ҚН 1.03-00-2011 «Құрылыс өндірісі. Кәсіпорындар, ғимараттар мен құрылыстар салуды ұйымдастыру» 6-тарауы, сондай-ақ ҚР ЭМ №330 бұйрығымен бекітілген Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын бұзу болып табылады. Бұл жағдайда электр желілерінің зақымдануы 10 кВ кабель желісінің күзет аймағында арнайы техникамен жұмыс жүргізу технологиясын бұзумен тікелей байланысты.
Нәтижесінде Б.Момышұлы даңғылы, 12-де орналасқан көп пәтерлі тұрғын үй кешенінің тұрғындары 10 сағат бойы жарықсыз қалды. «Астана-РЭК» АҚ уақытша электрмен жабдықтау үшін үйге екі дизель-генератор қондырғысын орнатты. Жедел-көшпелі бригада мен кабель желілері қызметі бригадаларының күшімен зақымдану қалпына келтірілді. Электр энергиясын беруді шектеу келесі күні 01 сағат 06 минутта толығымен алынды.
Бұл мердігер ұйымдардың жер қазу жұмыстарын жүргізген кезде қолданыстағы электр кабель желілерін зақымдаған оқиғалардың бірі. Қазіргі уақытта 187-учаскеде жер қазу жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде 20- учаскеде жұмыстар біздің ұйымның келісуінсіз орындалуда.
Бұл жағдайларда жұмыстарды орындауға жауапты тұлғаларға орнында жұмыс аймағында қоданыстағы электр желілерінің бар екендігі туралы ескертулер беріледі, сондай-ақ жұмыстарға тапсырыс беруші мен олардың мердігер ұйымының атына қолданыстағы кабель желілерінің жанында және күзет аймағында жер қазу жұмыстарын келісу қажеттілігі туралы ескерту-хат жолданады.
Жалпы алғанда, 2020 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі уақытқа дейінгі аралықта «Астана-АЭК» АҚ, сондай-ақ басқа ұйымдардың теңгеріміндегі кабель желілері бойынша механикалық сипаттағы 36-зақымдану тіркелді. Зақымданулардың көпшілігін кінәлі тарап қысқа мерзімде қалпына келтірді. 14-жағдайда зақымдану «Астана-АЭК» күшімен жойылды. Көбіне зақымданулар газ құбырын, нөсер канализациясын, жылу желілерін салу және құрылыс жұмыстарының басқа түрлерін жүргізу кезінде орын алады.
Барлық кабель желілерінің зақымдану деректері жөнінде қажет шараларды қабылдау туралы «Нұр-Сұлтан қаласының ОЭК және КШБ» ММ жазбаша өтініштер жолданды, кейіннен «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті» ММ және «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ жіберілді.
Жер асты кабель желілері мен әуе электр жеткізу желілері зақымданған жағдайда, «Астана-АЭК» АҚ электр энергиясын жеткіліксіз беру шығынына, сондай-ақ зақымдануларды қалпына келтіру және уақытша электрмен жабдықтау үшін мобильді дизель-генераторларды қосу үшін шығынға ұшырайды. Авариялық-қалпына келтіру жұмыстары арнайы техника, мобильді дизель-генераторларды тарту, зақымданған электр желілеріне сынаулар және тағы басқаларды жүргізіп, қалпына келтіру үшін материалдарды пайдалану қажеттігіне байланысты көп еңбекті талап етеді және қымбат тұрады, бүлдірушілер 900 000 теңгеден 1 500 000 теңгеге дейін шығындалады.
Сондай-ақ, кәсіпорын теңгеріміндегі кабель желілерін сақтау мақсатында күзет агенттігі күн сайын трассаларды қарап, тексеріп отырады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, жер қазу және басқа да жұмыс түрлерін жүргізуді жоспарлап отырған құрылыс-монтаждық ұйымдардың назарын: жазатайым оқиғаны болдырмау үшін және инженерлік желілердің барлық түрлерін сақтау мақсатында жұмыстарды бастамас бұрын барлық жұмыс түрлерін, әсіресе жер жұмыстарын Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық қызметтерімен келісу қажеттігіне аударамыз.